Басты бет Әр қилы ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ ӨМІРІ АЛАҢДАТАДЫ

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ ӨМІРІ АЛАҢДАТАДЫ

0
1,104

Жазды жайдарлы өткізіп, күзді керемет көңіл-күймен қарсы алып, енді қыстың қамына да кірісіп кеттік. Күз демекші… Алғашқы айы оқу жылының бастау алуымен, білім күнінің келуімен басталады емес пе? Жаздың үш айындағы көшенің тыныштығы басылып, абыр да сабыр күйге енетін күйбең тіршіліктің нағыз қайнаған кезі де оқушылармен байланысты ғой шіркін. Таңғы сағат жетіден бастап мектептің алды кептеліске толып, ақ көйлек, қара галстук таққан балалар кең көшенің ажарына сән қосатыны да бар.

 

Балала-рымыз мектепке барар алдында таңғы асын беріп, үлкен үзілісте қарныңды тоқтайсың деп тиын-тебеннен қалтасына салатындығымыз жасырын емес. Дегенмен ол тиынның қайда жұмсалғанын, не нәрсе алып жегені жайында сұрамайтындығымыз да бар. Ең бастысы қатарластарынан қалдырмадық. Басқаның қолына қарап баламыз жәутеңдемеді. Қаржысы бар, қарыны тоқ. Тіпті сабақтан кейін үйге келген баланың асқа тәбеті жоқтығына мән де бере бермейміз.
Заман дамып, еліміздің шекарасынан шетел тағамдарын әкелуге шек қойылмағандығы шындық. Осы орайда үш ай тыныштықта болған, тіпті кейбіреулерінің есігі мүлдем жабылып тұрған дүкендердің саудасы бірінші қыркүйектен қарқын алады. Олар бұл кезде оқушының қалтасы көтеретін, дәмін көрсе қайта жегісі келетін нақты мекенжайы жоқ, сыртындағы жарнама жазуларын тіптен түсінбейтін, өзінше бір қойған аты бар, ол аттар дәрумендермен байланысты аспан асты елінің өнімдерін саудалайды. Әрине, барлығы тиын болғанымен одан теңгелер өсіп жатыр. Бұл саудагер үшін жақсы ғой. Ал оны тұтынған баланың ағзасы не болып жатыр дегенге ойлану керек сияқты. Жаңа жетіліп, жас шыбықтай өсіп келе жатқан баланың ағзасына кері әсерін тигізуі де мүмкін емес пе? Бүгінгі балалардың әлсіз, қаны аз болып жатқандығын экология дейміз. Оның да әсері бар шығар. Дегенмен әлгінде айтқан қытай дәрумендері ойымыз бен санамызға мүлдем кіріп шықпайды. Олар асқа деген тәбетті байлап, кәдімгі наркотик сияқты тәуелді ететін көрінеді. Үйде жасалған тағамнан бас тартып «тәбетім жоқ» деген бала, ертеңгі күні міндетті түрде дүкен дүңгіршегіне жүгіретіндігі ақиқат. Сондағы олардың алары аты мен заты белгісіз ұнтақ, түрлі-түсті, ботқа тәрізді дүниелер. Кейбіреулері мектеп оқушыларына «кола», «спрайд», «кислинный» деген аттармен белгілі. Сабақ аяқтала салысымен қолдарына целофан, қағаз тістеп бара жатқан оқушыларды көзіміз шалады. Тіпті олардың әрқайсысының дәмін де жатқа біледі. Көрсең құсқың келетін бұл дүниелер балалардың қызығушылығын қалай арттырып қойған дерсіз. Ендігі нәтиже, мұны күнделікті пайдаланған баланың асқа деген тәбеті қайдан болсын?
Соңғы жылдарда оқушылыр арасында қазіргі тілмен айтқанда «хит» болған бұл дүниелерді бұрындары білмеуші едік. Көрмейтінбіз де. Ата-анамыздың берген бес-он тиынын қанағат етіп, мектеп асханасынан пирожки немесе тәтті тоқаштар алып жейтінбіз. Ал дүкен сөрелерінде мұндай әуесқой дүниелер тіптен де тұрмайтын. Сөмкемізге үйден салып берген алма, өріктің қағы, құрт сияқты табиғи дүниелермен азықтанушы едік. Уақыт зымыраған сайын көршілер тамсандыратын, таңдандыратын дүниелерін таратуға үлгеріп жатыр. Көзімізбен көріп, қолымызбен ұстамағаннан кейін біз де тұтынуға әзер тұрмыз. Оның қалай жасалып, құрамында не заттардың бар екендігінен де хабарсызбыз. Жақын күндері бір мектептің жанында немересін жетектеген ақ жаулықты апа дүкенге қарай бас сұқты. Артынан мен де өз затымды алу үшін кіріп қалдым. Немересіне не нәрсе жегісі келетіндігін сұрап еді, жоғарыда айтылған белгісіз дәрумендерді көрсетіп жатты. Оның зияны бар ма, жоқ па апамыз сұраған да жоқ. Немересінің көңілін қалдырмай алып берді. Дүкеншіге алған заттардың бағасын сұрап еді, барлығы 100-150 теңгенің басын құрады. Арзан, әрі бала лезде алдана қоятын бұл заттардың бағасына апамыз таңырқанды ма, әйтеуір жымиды да қойды. Аз ғана теңгеге бірнеше дүние алған немере де, апа да разы. Енді оны қолданған баланың үйдегі асқа мүлдем тәбетінің болмайтындығы айдан анық. Ал ағзаның не болып жатқандығы тағы белгісіз. Әлеуметтік желіде Қытай тауарларының талай масқарасын ашып видеороликтер таратылған болатын. Бүгінгі біздің тақырыбымызға арқау болған белгісіз азықтар жайы да бір күні әшкере болып қалар деген үміттеміз. Дегенмен оның зияны жайлы хабар таратылғанға дейін жүре бермей, осы бастан баланың болашағы жайында ойланғанымыз абзал. Айту бізден, нәтиже шығару сізден…

Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

УНИҢ ҺАЯТИ ӘМГӘК БИЛӘН ЖУҒИРИЛҒАН

Кеңәш дәвридики өтмүшни әскә алидиған болсақ, түрлүк иш қойнида әмгәк әткән инсанларниң қи…