Басты бет Жастар саясаты ЖҰМЫССЫЗ ЖҮРГЕН ЖАСТАР ҮШІН БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

ЖҰМЫССЫЗ ЖҮРГЕН ЖАСТАР ҮШІН БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

0
1,206

Алматы облысының Жастарға қызмет көрсету орталығының  ұйымдастыруымен жұмыссыз жүрген жастарға бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл туралы облыстық жастар ресурстық орталығының коммуналды мемлекеттік мекемесінің  директоры Жаксикельдинов Бахтияр хабарлады.

Бос лауазымдар жәрмеңкесі бұл — бірнеше сағат ішінде ондаған жұмыс берушімен сұхбаттасатын алаң және жұмыссыздарға өте қолайлы мүмкіндік, дейді кеңес берушілер.

«Аудандарда жыл басынан бері 780-нен аса адамның қатысуымен 10 «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізді. Жәрмеңкеге қатысқан мекемелер саны – 64. Ұсынылған бос жұмыс орындары — 467. Жәрмеңке нәтижесінде 97 жұмыссыз жасқа жолдама беріліп, 125 азамат жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, қайта даярлау курстары бойынша 20 мүгедек оқуға қабылданды», — деді Б.Жаксикельдинов.

Айта кетейік, бұл биыл өткізіліп отырған 15-ші жәрмеңке. Аталған жоба аясында облыс көлемінде жетім жастарды жұмысқа орналастыру, тәжірибеден өткізу жұмыстары жыл соңына дейін жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«ҚАРАДАЛАНЫҢ» ҚАРА НАРЫ

Қасиетті өнердің өз көрерменіне жол тартатын сахна дейтін киелі мекені болады. Ол жер әркі…