Басты бет 100 ЖАҢА ЕСІМ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ

0
2,692

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бірыңғай ақпараттық порталының тұсаукесері өтті. Бұл портал бағдарламалық мақаланың әр бағыттары бойынша алты бөлімді қамтиды. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Негізгі басымдық «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына беріліп отыр. Қазірге el.kz порталы 2000-ға жуық өтінішті қабылдап, 100 esim.kz сай­тына орналастырды. Келесі бөлім «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» деп аталады. Мұнда аталған бағыт бойынша атқарыл­ған жұмыстар жарияланып отыра­ды. Қазіргі уақытта онда 100 киелі жердің тізімі көрсетілген. Одан кейінгі бөлім – «Туған жер». Бұл бөлімде «Туған жер» бағыты аясында жүзеге асырылған әлеу­мет­тік жобалар картасы дайын­далды. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы екі кезең­нен тұрады. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» бағыты бойынша порталда қазақ тіліне аударылған кітаптар мен олардың түпнұсқалары ұсы­нылады. Жобаны жүзеге асыру мақсатында коммерциялық емес, «Ұлттық аударма бюросы» қоғам­дық ұйымы құрылды. Қазірге 17 оқулықты аудару жұмыстары жүр­гізілуде.
«Рухани жаңғыру» сайтында мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу жобасы орналасты­рылған. Бұдан бөлек латын графикасы негізінде жаңа латын әліпбиін талқылау мақсатында сайтта өз пікірлері мен ұсыныстарын қалдыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде Latyn хэштегі іске қосылып, әлеуметтік желі пайдаланушылары да әліпби жобасына қатысты көзқарастары мен ұсыныстарын білдіре алады.
Мақала inform.kz сайтынан алынды

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Әмгиги бебаһа инсан

Президентимизниң «Келәчәккә нишан: мәнивий йеңилиниш» намлиқ мақалиси даирисидә елимиздә й…