Басты бет Әлеумет ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕСІН ИГЕРУГЕ КЕЛДІ

ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕСІН ИГЕРУГЕ КЕЛДІ

0
1,492

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабпен бірге  ұйымдастырған «Қазақстанның мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы тәжірибесі. Инновациялық тәсілдер: сын-тегеуріндер мен шешімдер» атты халықаралық конференция барысында басқа елдерден келген қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы тәжірибесімен танысып, инновациялық жобаларды мемлекеттік басқару секторына енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

Конференцияның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары Қайрат Балықбаев, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменов,  Сингапурдағы мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі БҰҰ «Даму» бағдарламасы ғаламдық орталығының директоры Макс Эверест Филлипс және т.б. сөз сөйледі.

Спикерлердің айтуынша, қазір Қазақстан UNDESA электрондық үкіметті дамыту индексі аясында 27-ші орында, яғни бұл үкіметтің халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін жеңілдетуге бағытталған белсенді жұмысының көрсеткіші.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер бірнеше тәсіл бойынша көрсетіледі: электрондық үкімет порталы арқылы (700-ден астам қызметтер мен сервистер), Халыққа қызмет көрсету орталықтары (548 мемқызмет), Mgov мобильді қосымша (80-нен астам қызмет пен сервистер). Айта кетейік, халықаралық үкіметтік саммитте Mgov мобильдік үкіметтің үздік қосымшасы боп танылды. Мемкорпорацияға келсек, қазір 723 мемлекеттік қызметтің 548-і «Азаматтарға арналған үкіметтің 349 фронт-офистері арқылы ұсынылады. Және бұл көрсеткіш жылдан-жылға ұлғайып келеді (2011 жылы ХҚКО арқылы 51 мемқызмет ұсынылған). Қазір қызметтер толық циклмен көрсетілгендіктен, сұратылатын құжаттар мөлшері азайды. Ал қызметтер электронды түрге көшірілгендіктен, Мемлекеттік корпорацияға келушілер саны қысқарды.

ХҚКО-ның сапасын көтерген басты ерекшелік – түрлі органдардың құжаттарын «бір терезе» қағидаты бойынша дайындап беру. Мысалы, Әзірбайжан, Малайзия, Сингапур және тағы басқа елдерде түрлі органдардың құжат дайындаушы өкілдері бір ғимаратта болғанымен, бөлек бұрыштарда қызмет көрсетеді. Ал қазақстандықтар түрлі органның құжаттарын алу үшін әр бұрышқа барып кезек тұрмайды, «бір терезе» арқылы ХҚКО-ның кез-келген қызметкерінен ала алады.

Конференцияға қатысушы елдердің өкілдері Қазақстанның тәжірибесін зерттеу реформалар өткізу кезіндегі ақпараттық-сараптамалық жұмыстың базасын күшейтуге септігін тигізетініне, сонымен қатар мемқызметтерді көрсету саласында тәжірибе алмасу барысында тиімді диалог орнататынына сенімді.

Анықтама:

Іс-шара Тәжірибешілдер альянсының ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) институттарының тиімді платформасы негізіндегі «тең теңімен» принципі бойынша жасалған серияларының жалғасы болды. Альянсты 2016 жылдың сәуірінде Астаналық хаб іске қосты. Нәтижесінде Қазақстан, Әзірбайжан, Грузияда  мемқызметтерді «бір терезе» принципі арқылы көрсету саласында үш зерттеу жасалды. 2017 жылдың мамыр айында Сингапурда өткен мемқызметтерді көрсетуді жетілдіру бойынша ғаламдық семинарда  осы үш елдің тәжірибесі  ұсынылды. Бұл ғаламдық семинарды ұйымдастыруға Қазақстан өкілдігі мен Аймақтық хаб ат салысқан еді.

 

Страны-участники СНГ приехали перенимать опыт Казахстана в оказании государственных услуг 

В ходе международной конференции «Опыт К

азахстана в развитии государственных услуг: инновационные подходы, вызовы и решения», организованной по совместной инициативе госкорпорации «Правительство для граждан» и Астанинского Хаба в сфере государственной службы, участники из других стран ознакомились с опытом Казахстана в сфере оказания государственных услуг и обсудили возможности внедрения инновационных проектов в секторе государственного управления.

Со вступительным словом выступили Вице-министр информации и коммуникаций Республики Казахстан  Кайрат Балыкбаев,  Председатель Управляющего комитета Астанинского Хаба в сфере госслужбы Алихан Байменов, Директор Глобального центра Программы Развития ООН по совершенствованию госслужбы в Сингапуре Макс Эверест-Филлипс и другие.

Спикеры отметили, что на сегодняшний день Казахстан занимает 27-е место в рамках индекса развития электронного правительства UNDESA, что подтверждает активную работу правительства, направленную на упрощение процедур предоставления государственных услуг населению.

На сегодняшний день получить государственные услуги можно несколькими способами: через портал электронного правительства (более 700 услуг и сервисов), Центры обслуживания населения (548 госуслуг), или мобильное приложение Mgov (более 80 услуг и сервисов). К слову, Mgov был признан на международном правительственном саммите лучшем приложением мобильного правительства. Что касается госкорпорации – в настоящее время, через 349 фронт-офисов «Правительства для граждан» предоставляется 548 из существующих 723 видов государственных услуг, количество которых увеличивается из года в год (в 2011 году через ЦОНы предоставлялось 51 видов государственных услуг). Сейчас услуги оказываются полным циклом, благодаря чему сокращено количество запрашиваемых документов и минимизированы обращения в Государственную корпорацию путем перевода услуг в электронную форму.

Одним из достижений Казахстана и главным положительным качеством ЦОНов стала возможность получить услуги по изготовлению документов различных органов по принципу «одного окна». Так, в Азербайджане, Малайзии, Сингапуре и других странах за получением услуг граждане обращаются непосредственно к представителям государственного органа, которые находятся в одном помещении, разделенные зонированием. Принцип «одного окна» удобен тем, что граждане могут получить услуги у любого работника ЦОНа, а не у ограниченного числа сотрудников определенного госоргана, занимая очереди в разные окна.

Представители стран-участников выразили уверенность, что детальное изучение опыта Казахстана позволит обогатить базу для информационно-аналитического сопровождения реформ в странах региона, а также способствует  налаживанию эффективного диалога по обмену опытом в сфере оказания госуслуг.

Справочно:

Мероприятие является продолжением серии Альянса практиков по принципу «равный с равным», созданного на основе Эффективной платформы институтов ОЭСР. Альянс был запущен Астанинским хабом в апреле 2016 г., по результатам которого были разработаны три исследования в сфере оказания госуслуг по принципу «одного окна» в Казахстане, Азербайджане и Грузии. В мае 2017 г., опыт трех стран был представлен на глобальном семинаре по модернизации оказания госуслуг в Сингапуре, где правительство Казахстана и Региональный хаб были со-организаторами мероп

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…