Басты бет Рухани жаңғыру ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ

ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ

0
2,822

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Алматы облысының Туризм басқармасының атқарып отырған жұмыстары көп. Соның бірі  «Ғасырлар тоғысында» атты жобасы. Экскурсия мүмкіндігі шектеулі балаларға және жағдайы төмен отбасынан шыққан туристік клубтардың қатысышыларына арналған. Оның  мақсаты балалар туризмін дамыту және олардың дүниетанымын кеңейту. Оған 50 бала қатысып, «Алтын Емел» ұлттық-табиғи паркімен танысып қайтты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

«Алматы облысы табиғаты көркем әрі ерекше мекен болғандықтан, ондағы туризм саласын дамыту басты міндет. Осыны Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында 9 жоба дайындалды. Олар: «Жетісудың жеті кереметі», «Астана — болашаққа бастама», «Кәдесыйлар мен полгирафиялық, жарнамалық-ақпараттық өнімдер», «Ғасырлар тоғысында», «Туристік орындар мәліметті сайттарға жариялау» жобасы, «Лепсі өзеніне экспедиция», «Қарамерген және Ағашаяқ қалашықтарына экспедиция», «Тойқазан», «Квест-тур» жобалары. Қазіргі таңда олар орындалып келеді. Болашақта тағы да түрлі жобалар ұйымдастырылады деген сенімдемін», — деді Алматы облысының Туризм басқармасының басшысының міндетін атқарушы Арқау Әсетұлы.

Жоғарыда айтылған  жобалар арқылы Жетісу жерінің әсем табиғатын баршаға таныстырып қана қоймай, туристер санының көбеюіне септігін тигізеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…