Басты бет Мәдениет және руханият КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ КЕПІЛІ

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ КЕПІЛІ

0
50

Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Ақтам ауылдық кітапханасында «Кітап оқитын ұлт – зерделі қоғам негізі» атты  дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Аталған шараға ауыл тұрғындары, ардагерлер, ұстаздар, мәдениет қызметкерлері, жастар мен кітапхана оқырмандары қатысып, кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылады. Жиын барысында Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі бастамасының маңызы кеңінен сөз болып, қоғамның рухани жаңғыруындағы кітаптың орны ерекше екені атап өтілді.

Кітапхана қызметкерлері бүгінде ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған кезеңде кітаптың құндылығы мен оқырман мәдениетін қалыптастыру мәселесі күн тәртібінен түспейтінін айтты. Кітап – тек білім көзі ғана емес, ол адамның дүниетанымын кеңейтетін, рухани байытатын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды құрал екендігіне тоқталды. Қатысушылар жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасы мүшелері арасында кітап оқу дәстүрін қалыптастыру, әдеби шығармаларды насихаттау және кітапхананың қоғамдағы рөлін күшейту бағытында өз ойларын ортаға салды. Әсіресе өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда кітаптың маңызы зор екені айтылып, кітап оқу арқылы жастардың ойлау қабілеті, тіл байлығы мен шығармашылық мүмкіндіктері дамитыны жөнінде пікірлер білдірілді.Шара аясында кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттер мен оқырмандар сұранысына ие кітаптар таныстырылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларына тоқталып, ұлттық әдеби мұраны насихаттаудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар кітапхана жанынан құрылған оқырмандар клубтарының жұмысы таныстырылып, алдағы   екінші  жартыжылдықта өткізілетін әдеби кештер, кездесулер мен танымдық жобалар туралы ақпарат берілді.

Сөз алған ауыл ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері жастарды кітаппен дос болуға шақырып, өздерінің оқырмандық тәжірибелерімен бөлісті. Олар кітап оқудың адамның тұлғалық қалыптасуына, өмірлік ұстанымының орнығуына және ұлттық сананың дамуына тигізетін әсері туралы тағылымды ойларын жеткізді.Іс-шара соңында қатысушылар Президент Жарлығында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруға, кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға және жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бірлесе атсалысуға дайын екендіктерін білдірді.Рухани бай қоғам қалыптастырудың басты тетіктерінің бірі – кітап. Сондықтан кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру, оқырман мәдениетін дамыту және зерделі ұлт тәрбиелеу жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Гүлнұр СЕРІКҚЫЗЫ,

Ақтам ауылдық кітапханасының кітапханашысы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавл қайтадан жаздың музыкалық астанасына айналады: Халық әртісі, көрнекті опера әншісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

5–10 шілде аралығында Петропавл өңірдегі ең ірі музыкалық оқиғаның орталығына айналады. Қа…