Басты бет Спорт ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

0
1,033

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің таэквандошы жасөспірімдері «Қапшағай қала күні» мерейтойына арналған жарыста ауданға жүлделі орынмен оралды. Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылардың ішінде бабында келгендер де болды. Жарыс ережесіне сәйкес бақ сынасып, қарсыласын жеңуге тырысқандар да табылып жатты. 


Дегенмен мұндай тартысты додаларда жүйріктердің алға озып шығатыны да ақиқат. Сондықтан болар «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» дейтініміз. Қырағылық пен ептілік, жылдамдық пен төзімділік керек аталмыш спорт түріне қызығушылық танытқан жасөспірімдердің қарқыны жақсы болды. Жүздікті жарып шыққан Ерсұлтан Сұңқарбаев 28, Мадияр Бакреев 56, Саян Байбөреев 24 килограм салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, бапкері Мэлс Құлшаровқа және ата-аналарына қуаныш сыйлады. Үшеуі де үшінші орынның тұғырынан көрінді. Әрине бұл жаман нәтиже емес. Алдағы уақытта бұл балалар әлі талай жарыстардың жеңімпазы болады деген үміттеміз.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ

   Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің спорт залында «Алматы облысының оқу-ағарту жән…