Басты бет Қазақ елі 2026 жылғы 6 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кең көлемде өткізілді

2026 жылғы 6 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кең көлемде өткізілді

0
31

Шараға аудан тұрғындары, әскери қызметшілер, мекеме мамандары, бөлім қызметкерлері және жастар қатысты.

Мерекелік іс-шара басталмас бұрын мәдениет үйінің алдында көрермендер назарына арнайы әскери-тактикалық көрініс ұсынылды. Атап айтқанда, Райымбек шекара басқармасы сарбаздары қызметтік иттердің қатысуымен арнайы дайындық жаттығуын көрсетті. Көрініс барысында сарбаздардың жедел қимылы, өзара үйлесімді әрекеті және жауынгерлік дайындық элементтері бейнеленіп, ел шебін күзетудегі кәсіби шеберлігі көрермен тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Бұл көрініс әскери қызметтің жауапкершілігі мен тәртіптілігін айқын көрсетті.

Іс-шараның негізгі бөлігі патриоттық рухтағы көркем бағдарламаға ұласты. Сахна шымылдығы ашылар алдында жас өрендер Отан, тәуелсіздік және ел бірлігі тақырыбында өлеңдер оқып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Әскери бөлім сарбаздарынан құралған хор «Шекарашылар» әнін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мерекелік концерттік бағдарламада «Жазерке» және «Арзу» халықтық ұлт-аспаптар ансамбльдері, сондай-ақ «Қарадала» халық театрының өнерпаздары патриоттық әндер мен музыкалық шығармаларды орындады. «Сарыжайлау», «Жаса менің елім», «Қазақ», «Айнала», «Жаса менің ұлы далам», «Сарбаздар», «Отаным» сынды туындылар көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Іс-шара барысында Отан қорғаушылардың ерлігі мен ел алдындағы қызметі кеңінен насихатталып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік және патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға ерекше мән берілді.

Қорытынды бөлімде ұйымдастырушылар Қарулы Күштердің қуаты артып, ел тыныштығын күзететін әскери қызметшілер қатары жігерлі жастармен толыға беруіне тілектестік білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЕКАРА ШЕБІНДЕ ШЫҢДАЛҒАН САРБАЗДАР

Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қорғау – әрбір азаматтың қасиетті…