Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіруге арналған негізгі құжат деп айтса болады.
Көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тапқан Мемлекет басшысының тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну, азаматтардың өтініштерін, шағымдарын жедел әрі тиімді қарастыру және қойылған сұрақтардың шешілуін қамтамасыз ету, қызмет алушының қанағатану деңгейінарттырубойынша кешенді шаралар қабылдау және мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша талдау жұмыстарын жүргізу барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың міндеті болып табылады.
Ағымдағы жылдың 3 айында Алматы облысында жалпы саны 3 038 744мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде орталық мемлекеттік органдармен 544 966, жергілікті атқарушы органдармен 2 493 778 қызмет көрсетлді. Электрондық түрінде – 2 813 072, қағаз түрінде – 194 644, мемлекеттік корпорация арқылы – 2 680 362.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 370 өтініш түскен, оның ішінде 312 шағым қаралып, 5 өтініш бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілді, 14 өтініш басқа мемлекеттік ұйымға бағытталған, сондай-ақ
44 өтініш арыз иесінің кері қайтарып алуына байланысты тоқтатылған.
Келіп түскен шағымдардың басым көпшілігі жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (310 шағым) келіп түскен.
Өтініштердің басым көпшілігі жер қатынастары (15.8% немесе 270 өтініш), сәулет және қалақұрылысы (1.8% немесе 32 өтініш) салаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты түсетіні анықталды.
Қалған (4.0% немесе 68 өтініш) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің әртүрлі салалары бойынша түскен арыздар.
Департаментпен 12 бақылау іс шаралары өткізілген, оның ішінде: жоспарлы тексеру мен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша.
Тексеру нәтижелерінде жалпы 1537 бұзушылық анықталған (оның ішінде ОМО АБ – 1427 факті, ЖАО – 110 факті. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу –172 факті, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу – 1538 факті). Нәтижесінде 12 ұсыну енгізілді (100% орындалды).
Жоспардан тыс жүргізілген тексеру арқылы 5 қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету кезінде негізсіз бас тарту бойынша құқықтары қалпына келтірілді.
Рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін 6 әкімшілік хаттама (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 465-б. 3-б (аталған бұзушылықтарды бір жылдың ішінде қайталап жасағаны үшін – 3, 462-б (ұсынымдарды уақытылы орындамағаны үшін-2) толтырылды (қысқартылған тәртіпте-3), 324375 теңге көлемінде айыппұл салынды (толық көлемде төленген).
Тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 60 қызметкері тартылған (ЖАО – 46, ОМО АБ – 14).
«Елге қызмет» арнайы телебағдарламасының 7 жобасы жарық көрді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының 1 отырысы өткізіліп, оның қорытындысы бойынша 4 ұсыныс берілген.
Есепті кезеңде 21 іс-шаралар өткізілді (телеарналарда сюжеттер, газеттерде, сайттарда мақалалар).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 6түсіндіру
іс-шаралары өткізілген.
ДОСБОЛ АҚЫЛБЕКҰЛЫ ТУРЫСБЕКОВ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы
