Басты бет Таза Қазақстан ТАЗАЛЫҚ АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ

ТАЗАЛЫҚ АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ

0
32

Осыдан бірнеше жыл бұрын бәріміз бір ел болып, мемлекет басшының бастамасымен «Таза Қазақстан» жобасын бастадық. Бұл жалпыұлттық бастама. Мемлекет басшысы тазалықтың мәні мен мағынасы жайындағы пікірімен бөлісіп, ойдың да, бойдың да, қоршаған ортаның да тазалығын сақтау әр адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші деп баға бергенін де білеміз.

    Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымызға айналған шара десек артық айтқандық бола қоймас. Күн жылына салып, көктемнің алғашқы күндерімен-ақ сенбілік жұмыстары басталды. Наурызнаманың онкүндігінде Әлмерек баба ескерткішінің басында ағаш отырғызу акциясына қатысқан аудан әкімі Бота Елеусізова аудан орталығындағы экологиялық ауқымды шараға қатысты. Аудан әкімі аппараты мен барлық бөлім қызметкерлері көшелерді тазарту жұмысына белсене қатысты. Зират басында да сенбілікке шыққан адамдардың қарасы көп көрінді.

Өңір басшысы өзі бас-көз болған шарада қаншама қоқыс жиналып, айналадан тазалықтың лебі есіп тұрды. Жылдағы дәстүрден жаңылмаған аудан орталығының тұрғындары ауладан бастаған сенбілікті көшеден жалғастырды. Олар орталық және іргелес көшелерге санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтар мен құрғап кеткен шөп-шаламдарды жинап, қоғамдық орындар мен ауыл тұрғындарының демалыс орындарына тазалық орнатты. Барлық жиналған қалдықтар коммуналдық көліктердің көмегімен арнайы полигондарға шығарылды.

Мемлекеттік қызметкерлердің бұл акцияға қосқан үлестері басқа тұрғындарға үлгі болады деп сендік. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл бір реттік сенбілік емес, экологиялық сана-сезімді қалыптастырып, табиғат-ананы сақтау жолындағы жүйелі жұмыс екен. Яғни жылына бір рет көшені сыпырып қоюмен шектелмей, тазалықты әрдайым сақтап, табиғатты аялап, әрбір азаматтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін қолға алынған үлкен шара екендігін түсіндік.

Аудан орталығы Шонжының абаттандыру ісіне белсене араласқан мемлекеттік қызметкерлердің ісі жалғасын табары анық. Ауылына қарап – азаматын таны деген нақыл сөздің түп мағынасы да ауылына жанашыр азаматтардың намысын жану деуге болар. Туған жеріміздің, тұрған ауылымыздың көркеюі, гүлденуі өз қолымызда. Біздің көшелерімізді сырттың адамдары келіп тазалап бермесі тағы рас. Сондықтан «Таза Қазақстан» ұлттық акциясы әлі де жалғасады.

Президентіміз «Таза Қазақстан» аясында өте ауқымды жұмыс атқарылғанын, миллиондаған тонна қоқыс жиналып, көшет егілгенін тілге тиек етуде. Біз де бастаманы іліп әкетіп, тазалық, көшет отырғызуды дәстүрге айналдырдық.

– Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені, саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау – өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп – дұрыс өмір салтын ұстанудың басты көрінісі, – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі бәрімізге қанат бітіріп, жігерімізге жігер қоссын дейік.

Баян МАМЫРБАЕВА

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«Таза Қазақстан – таза болашақ кепілі!» атты жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шара Қонаев қаласында өтті

Алматы облысының Қонаев қаласында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таз…