Басты бет Ата Заң Жаңа кезеңге қадам: нәтижелерді тиімді іске асыру

Жаңа кезеңге қадам: нәтижелерді тиімді іске асыру

0
41

 

Қырғызсай ауылдық округінде  «Жаңа кезеңге қадам: нәтижелерді тиімді іске асыру» тақырыбында тұрғындармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Конституцияның қоғамдағы орны мен маңызы, заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар, сондай-ақ қабылданған шешімдерді тиімді жүзеге асыру жолдары кеңінен талқыланды. Аталған жиында жаңа кезеңдегі даму бағыттары, елдегі оң өзгерістер мен бастамалардың мазмұны тұрғындарға жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар арасында еркін пікір алмасу орын алды. Тұрғындардың ой-пікірлері мен ұсыныстары алдағы жұмыстарды жетілдіруге негіз болатыны атап өтілді. Кездесудің басты мақсаты – Конституцияда айқындалған қағидаттарды кеңінен насихаттау, қоғамдағы тұрақтылық пен заңдылықты нығайту, сондай-ақ жаңа кезеңдегі бастамаларды тиімді жүзеге асыруға тұрғындардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Кездесу қорытындысында қатысушылар аталған бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет ету қажеттігін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Конституция – біздің ортақ таңдауымыз

Миллиондаған қазақстандық елдің болашағына берік негіз қалау үшін бірлік танытты. Жаңа Кон…