Іс-шара барысында қатысушыларға Конституция жобасында ұсынылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту және азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Ашық форматта өткен жиында жаңа Конституция жобасының ел дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға және демократиялық қағидаттарды нығайтуға бағытталғаны атап өтілді. Сонымен қатар, референдумның маңыздылығы мен әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, белсенділік танытуы қажеттігі айтылды. Жиын соңында ұйымдастырушылар тұрғындарды алдағы саяси науқанға белсенді қатысуға шақырып, Конституциялық реформалардың елдің тұрақты дамуына негіз болатынын жеткізді.

