Бүгінгі таңда мемлекеттің алға жылжуы қоғамның бірлігі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Конституциялық референдум осы бірлікті нығайтып, ел болашағына қатысты ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Негізгі заңға енгізілетін өзгерістер тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Бұл бастаманы қолдау – болашақ ұрпақ үшін берік әрі әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды таңдау.
Нұров Маулен Мұқажанұлы, зейнеткер, ауданның құрметті азаматы
