«Білім өркениеті» инновациялық ғылыми орталығының ұйымдастыруымен зейнеткерлер арасында өткен республикалық байқаудың жеңімпазы атанған Кәрібай Қожағұлды «Құрметті зейнеткер» деген атағымен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл байқаудың Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын зейнеткерлер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткендігін ескерткіміз келеді. Тәуелсіздіктің бәрінен қымбат екендігі даусыз. Сол азаттықты сақтап, қорғап қалу үшін әркім еліне адал қызмет ету керек. Осындай мақсатты діттеген байқаудың барлық ережелерін бұлжытпай орындап, тапсырмаларына өз деңгейінде жауап берген Кәрібай Ізбасарұлының жеңісіне құтты болсын айтамыз. Саналы ғұмырын кәсіподақ қозғалысына арнаған жанның зейнетте жүрсе де еңбектен қол үзбей, өскелең ұрпаққа әлі де берері бар екендігін дәлелдеп жүргендігіне бәріміз куәміз. Шаршамайтын бір жан болса, ол – Кәрібай ағамыз. Сол кісінің бойындағы қажымас қайрат ұрпағына жұғысты болсын. Білім саласындағы кәсіподақтың жұмысына бір кісідей еңбегі сіңгенін де жақсы білеміз. Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне қосқан үлесінің бір ұшы – осы марапаты. Құтты болсын!
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ
