Басты бет Заң және қоғам СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ – АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ – АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ

0
158

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері – қоғам мен мемлекет өміріндегі өзекті және маңызды тақырыптардың бірі. Сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда қоғамымызда адамға, қоғамға және мемлекетке тікелей теріс әсер ететін қауіпті факторлардың бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басым бағыттары – оның алдын алу және профилактика шаралары болып табылады. Бұл жұмыста қоғам мен мемлекеттегі сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға бағытталған нақты шаралардың маңызы зор. Біз тек бірлескен күш-жігерімізбен ғана сыбайлас жемқорлықты жойып, оны жеңе аламыз.

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау – бұл сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыруды көздейтін негізгі антикоррупциялық шаралардың бірі.

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау – бұл азаматтарды сыбайлас жемқорлық фактілеріне бей-жай қарамай, оларды әшкерелеуге ынталандыратын және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ықпал ететін шара.

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау – бұл азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуының және мемлекеттік органдар қызметіне қоғамдық бақылау жасаудың бір түрі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  1. Сыбайлас жемқорлықты анықтау және әшкерелеу
  2. Жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету
  3. Азаматтық қоғамды қалыптастыру
  4. Адалдықты насихаттау

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы хабарлау тәсілдері:

  • Жазбаша өтініш арқылы
  • Өз тұратын мекенжайыңыз бойынша аумақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне пошта арқылы жолдау.
  • Онлайн-сервис арқылы:
  • Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда «Электрондық үкімет» порталы eGov.kz арқылы шағым беру.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай call-орталығы:
    Күндіз-түні жұмыс істейтін тегін 1424 нөміріне қоңырау шалу.
  • Құқық қорғау органдарына хабарласу;
  • Тікелей басшыға хабарлау.

Уәкілетті мемлекеттік органдар:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе оның аумақтық департаменттері
  • Бас прокуратура
  • Ішкі істер министрлігі және оның аумақтық органдары
  • Ұлттық қауіпсіздік комитеті
  • Қаржылық мониторинг агенттігі
  • Қорғаныс министрлігінің әскери полиция органдары

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау кепілдігі:

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де түрде көмек көрсеткен адам мемлекет қорғауында болады. Бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Еңбек кодексінде, «Қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттік қорғау туралы» заңында және осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Сонымен қатар мұндай адамдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ынталандырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем келесі әрекеттерді қамтиды:

  1. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлау;
  2. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат ұсыну;
  3. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты анықтау, жолын кесу, әшкерелеу және тергеу үшін маңызы бар өзге де жәрдем көрсету.

Азаматтың тікелей басшысына және (немесе) мемлекеттік органның немесе ұйымның басшылығына, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлау, іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе өзге де маңызы бар көмекті көрсету мақсатында жүгінгені туралы ақпарат, егер ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған болса, құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.

Аталған ақпаратты жария ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін ақшалай көтермелеу құқықбұзушылықтың түріне қарай беріледі:

  • Әкімшілік істер үшін – 30 АЕК
  • Шағын ауырлықтағы қылмыстық істер үшін – 40 АЕК
  • Орташа ауырлықтағы қылмыстық істер үшін – 50 АЕК
  • Ауыр қылмыстар үшін – 70 АЕК
  • Аса ауыр қылмыстар үшін – 100 АЕК

Егер пара немесе келтірілген залал мөлшері 1000 АЕК-тен асса, бір реттік көтермелеу сол соманың 10%-ын, бірақ 4000 АЕК-тен аспайтын мөлшерде құрайды.

Маңызды!  Жалған хабар бергені үшін жауапкершілік қарастырылған:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 439-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлық туралы жалған хабар бергені үшін жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде ескерту немесе айыппұл салынады. Бұл әрекет жыл ішінде қайталанса – 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 419-бабына сәйкес, көрінеу жалған жала жапқаны үшін – 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл, немесе дәл сол мөлшерде түзету жұмыстары, немесе 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған.

Ш.АВТАХУНОВ,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау Басқармасы басшысы

 И.БЕСПАЛОВА,

бас маман

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ПРОФИЛАКТИКА КОРРУПЦИИ – НАША ОБЩАЯ ЗАДАЧА!

Ежегодно 9 декабря мировое сообщество отмечает Международный  день борьбы с коррупцией, уч…