Басты бет Экономика Мемлекетке қайтарылған қаржы – халық игілігіне

Мемлекетке қайтарылған қаржы – халық игілігіне

0
281

Алматы облысында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражатты әлеуметтік нысандардың құрылысына бағыттады.

Алматы облысы Ұйғыр ауданының Кіші Дихан, Диірмен, Ават ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория және Дардамты, Шырын ауылдарындағы фельдшерлік-аккушерлік пунктардың құрылысы жүргізілуде.

Ұйғыр ауданы прокурорының орынбасары құрылыс нысандарына барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Аталған жобалар тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мәселесін шешуді көздейді.

Жобаны іске асыру шамамен 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарына медициналық қызметтерге қол жеткізуді едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Мердігерлер уақытты қатаң әрі тиімді қолдануға және жұмыстың сапасын қамтамасыз етуге және қаражатты тиімді пайдалануға бағытталған.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТәртіп
#ҚауіпсізҚоғам

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Сегодня Казахстан и Евросоюз начнут переговоры об упрощении визового режима

В Брюсселе прошло заседание под председательством главы МИД Ермека Кошербаева и Верховного…