Басты бет Жастар саясаты Жастар – елдің ертеңі, бүгіннің сенімі

Жастар – елдің ертеңі, бүгіннің сенімі

0
286

Жастар – ұлттың тірегі, елдің жарқын болашағы. Олар – арманы асқақ, ойы ұшқыр, жүрегі жалын жастар. Қоғамның қарқынды дамуы, жаңару мен жаңғыруы дәл осы жас буынның білімділігі мен белсенділігіне тікелей байланысты.
Бүгінгі заман – ізденісті, білімді, бастамашыл болуды талап етеді. Қуаныштысы, жастар осы талап үдесінен шығуға тырысып жүр. Бірі ғылыммен айналысса, бірі кәсіпкерлікке бет бұрған, енді бірі еріктілік қозғалысында қоғамға қызмет етуде. Бұл – өскелең ұрпақтың тек жеке мүддені емес, ел игілігін де ойлай бастағанының белгісі.
Мемлекет тарапынан жастарға түрлі мүмкіндік ұсынылып келеді. Білім гранттары, стартап жобаларға арналған гранттар, кәсіптік бағдарлар, жастар практикасы – мұның бәрі оларға сенім мен серпін береді.
Бірақ жастарға тек мүмкіндік беру аз – оларға сенім арту, тыңдау, бағыт көрсету қажет. Себебі жас буын қолдауды сезінсе, елге тірек болуға бар күшін салады. Олардың идеясы – жаңа ой, ал ертеңгі істері – бүгінгі ел үміті.
Жастарға сенім – елге сенім. Олар қанаттанса, елдің де көкжиегі кеңейеді.

Алиханова Сабина

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Глава государства Касым-Жомарт Токаев направил обращение участникам форума Jastar Fest, посвященного Международному дню молодежи

Уважаемые участники форума! Поздравляю Вас с Международным днем молодежи! Этот праздник им…