Басты бет Әр қилы Экология – ертең емес, бүгінгі мәселе

Экология – ертең емес, бүгінгі мәселе

0
639

Кез келген мемлекеттің дамуы тек экономикамен өлшенбейді. Қоғамның өмір сүру сапасы – табиғат пен қоршаған ортаның жағдайымен тікелей байланысты. Бүгінде әлем елдері дабыл қағып отырған маңызды мәселелердің бірі – экология. Бұл – болашақтың емес, бүгінгі күннің шұғыл шешімді қажет ететін проблемасы.
Ауаның ластануы, судың тартылуы, орман-тоғайдың азаюы, қалдықтың көбеюі – күн сайын адамзат алдында экологиялық жауапкершілікті арттырып отыр. Табиғат өз үнін жеткізіп жатыр, ал оған құлақ асу – әр адамның парызы.
Қазақстан да бұл мәселені айналып өте алмайды. Көптеген аймақтарда экологиялық ахуал алаңдатарлық. Жердің тозуы, өндіріс қалдықтарының бейберекет төгілуі, жасыл желектің азаюы – нақты шараларды талап етеді. Жасыл экономика, қалдықты сұрыптау, энергияны үнемдеу сияқты бастамалар іске асқанымен, қоғамдық сана мен мәдениет әлі де жетіле түсуі керек.
Экология – тек ғалымдардың немесе биліктің емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігі. Табиғатты сақтау – өз болашағымызды сақтау.   Жерді күту – өз ұрпағымыздың амандығына жол ашу. Себебі экология – ертең басталатын емес, бүгін шешілмесе, кеш болатын мәселе.

Алиханова Сабина

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркітілдес мемлекеттер ұйымының Түркістан қ. өтетін бейресми саммитін өткізу барысында бірінші рет ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Tesla Cybertruck базасындағы командалық-штабтық машинасы (КШМ) қолданылады.

Бұл КШМ әзірленбеген аудан/аймақтарда бөлімшелерді басқару, байланыс және іс-әрекеттерді ү…