Басты бет Саясат ТХКБ өсімі мен дамуы: 2024 жылы жүк тасымалының көлемі 63%-ға артып, 4 млн тоннадан асты

ТХКБ өсімі мен дамуы: 2024 жылы жүк тасымалының көлемі 63%-ға артып, 4 млн тоннадан асты

0
118
✔️ Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) тұрақты өсімді жалғастырып келеді. Өткізу мүмкіндігі жылына 6 млн тоннаға, оның ішінде 100 мың ЖФБ контейнерлік тасымалдарға дейін ұлғаюда. 2024 жылдың 11 айында жүк тасымалының көлемі 63%-ға артып, 4,1 млн тоннаға жетті, ал контейнерлік тасымалдар көлемі 2,6 есе өсіп, 50,5 мың ЖФБ құрады. Бұл көрсеткіштер бағыттың айтарлықтай өскенін дәлелдейді.

🔷 2024 жылы Транскаспий көлік дәлізінің үйлестіру орталығы іске қосылды. Ол инфрақұрылымды дамытуға және бағыттың функционалын кеңейтуге бағытталған. Жаңа платформа ТХКБ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жұмыс істейтін болады. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы жеткізу мерзімін 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жобаға Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Қытай сияқты негізгі елдер мен компаниялар белсенді қатысуда. Бұл ТХКБ-ның жаһандық сауда үшін маңыздылығын айқындайды.

⚡️ Өткізу мүмкіндігін арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде.

📱 @KZgovernment

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«AMANAT»партиясы Ұйғыраудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Болатұлы атқарған жұмыстары туралы есеп берді

  «AMANAT» партиясы Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» пар…