«Жер елшілері» креативті жастардың бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы соңғы кезде жаңаша серпін алуда. Бұл жобаның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің назарын ғаламшар климатының өзгеруі мәселесіне аудару, экологиялық сауаттылық, экологиялық сана, өскелең ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін, табиғат жанашырларын тәрбиелеу. Бұл бағытта біздің аудан жастары белсенділік танытуда. Айналамызды қоршаған табиғат таңғажайыптары, ұлттық табиғи паркіміздегі өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғаудағы жас табиғат елшілерінің көзқарастары қуантады.
2 желтоқсан күні қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Жер елшілері» креативті жастардың Бүкіл Қазақстандық экологиялық қозғалысы» жобасы аясында «ЖЕР – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ!» атты республикалық байқауында Алматы облысының балалар-жасөспірімдер туризм орталығының оқушылары өз бақтарын сынады. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының l дәрежелі дипломымен Нұрақын Айтолқын, lll дәрежелі дипломымен Умаджанова Шахсанам, lll дәрежелі дипломымен Амирдинов Батурин, lll дәрежелі дипломымен Төлеш Әміржан және сертификатпен Советхан Демеу марапатталды. Аталған жоба бойынша республикалық байқаудың жеңімпаздарын дайындап өскелең ұрпақтың шығармашылығын дамытуға, бос уақытын мағыналы ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін Алматы облысының балалар-жасөспірімдер туризм орталығының педагогтары Алаев Талисман, Коргасбаев Аман, Юннеров Мунир, Беренбай Асқар арнайы Алғыс хаттармен пен марапатталды.
Экологиялық сауаттылықты балалар бойына қонақтатып, қоршаған ортаға жанашырлық танытып жүрген педагогтардың еңбектері өлшеусіз. Тек байқауларда ғана емес, күнделікті өмірде экологиямыздың бұзылмауына атсалысатын балалардың қатары көбейсін.
Аманбике ЖАНЫСБАЙҚЫЗЫ