Басты бет Қазақ елі ЕЛ ШЕБІНДЕ… АРУ ЖҮР

ЕЛ ШЕБІНДЕ… АРУ ЖҮР

0
6

Ел шебінде ерлер ғана емес, сақ патшайымы Томиристің сіңлілері де жүр. ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Қалжат» шекара бөлімшесінде мінсіз қызметімен дараланған келісімшарт қызметінің ефрейторы А.Нұрпейсованы солардың біріне баласақ артық айтқандық емес.

Айту керек, жақында аталған шекара басқармасына қызметтік іссапармен болып қайтқан офицерлердің бірінен бір әйел әскери қызметші туралы естідік. Бәрінен де, офицерді тәнті еткені, шекарашы ару тек қана шекара бөлімшелерінде қызмет етіп келе жатқан көрінеді. Иығына қару асынып, шекараны ұжымдағы жеке құраммен бірге күзетеді. «Мен әйелмін, бұл маған ауыр» деп көрген емес. Өзіне қойылған кез келген тапсырманы бұлжытпай орындауға төселген.

Жасырмаймыз, біз елең ете түстік. Қызметке алынған сәттен бастап, бірнеше шекаралық бөлімшеде қызмет атқарып үлгерген ару бізді де қызықтырған. Сосын, бірден жедел байланыс арқылы алдымен шекара басқармасы бастығының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары подполковник Мұратбек  Іскендірмен сұхбаттастық. Офицер де сөзге келген жоқ, алыстағы шекара бөлімшесінде ерен еңбектің үлгісін танытып, ел шебінің қиындығын ерлермен бірге қайыспай көтеріп жүрген әскери қызметші қалам тербеуге әбден лайық екенін жеткізген.

Олай болса, дедік те бірден аталған шекара бөлімшесімен байланысқа шығып, Ақмарал Жаңғабылқызымен сұхбаттасуды бірден бастап кеттік.

…Біздің кейіпкеріміз де жайдары мінезді болып шыққан. Бейне бір, бір-бірімізді жүз жылдан бері білетін жандарша әңгімеміз жарасып жүре берген.

Сөйтсек, Ақмаралдың алғашқы шекарашылық жолы 2013 жылдың қаңтарынан басталған көрінеді. Өзі осы өңірдің қызы. Дүние есігін Ұйғыр ауданының Үлкен Дихан ауылында ашыпты. Алдымен «Қайырған» шекара бөлімшесіне аға аспазшы болып бір жылдай жұмыс істеген соң тау ішіндегі «Кетпен» шекара бөлімшесіне ауыстырылғанын айтады.

– Мұнда да аға аспазшы болып, төрт айдай жұмыс істеген соң, мені бөлімшенің аға радиотелефоншысы етіп тағайындады. Мен үшін әскердің қиындығы мен қызығы қатар жүретін өмірі осы кезден басталған секілді көрінеді, – дейді келісімшарт қызметінің ефрейторы А.Нұрпейсова бізбен сұхбатында. Қазір өзім қызмет атқаратын «Қалжат» шекара бөлімшесінде 3-ші мобильді топтың барлаушысымын. Өзінің аты айтып тұрғандай, мен де шекараның күн мен түнге жалғасқан барлық ауыртпалығын ерлермен бірге көтеруге тырысып келе жатқан жайым бар.

Осы жерде көздері қулана күлімсіреген шекарашы тағы бір сырдың шетін қылтитқан: «Білесіз бе, маған өзімнің осы қызметім қатты ұнайды. Қару асынып, шекараның бойымен кетіп жатақн сәттегі бойымды кернейтін ерекше сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Тек айтарым, бұл бақыт – сенің артыңда туған елдің бейбіт тыныстап жатқанын жүрегіңмен сезіну…Тағы менің қолымнан бәрі келеді. Әсіресе, тамақты дәмділеп дайындау», – деген Ақмаралдың үкілеп өсірген қызы бүгінде Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқиды. Меруерт есімді ару болашақта қазақ тілі әдебиетінің мұғалімі болуға дайындалып жүр.

…Міне, біздің кейіпкеріміздің ел шебіндегі өмірі осылай өрілуде. Ел шебін сызатсыз күзетіп жүргендердің қатарын жаңадан толықтырғандар үшін таптырмайты үлгі-өнеге.

Сіз қалай ойлайсыз?..

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ОФИЦЕР АТАНҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР АЗ ЕМЕС

Бүгінгі таңда Шекара қызметінің сапына шақырылған жас сарбаздармен сұхбат жүргізу арқылы о…