Басты бет Иман ДІН ДӘСТҮРІМІЗДІҢ ДІҢГЕГІ

ДІН ДӘСТҮРІМІЗДІҢ ДІҢГЕГІ

0
889

Дін саласы бүгінгі таңда қоғамда өзіндік рөлі мен маңызы бар ауқымды рухани сала ретінде айрықша орын алып тұрады. Зайырлы мемлекет болған соң елімізде әр түрлі дін өкілдері өзінің сенушілеріне бағыт бағдарлары бойынша тиісті діни қызмет көрсетеді. Біздің ауданымызда қазіргі таңда негізінен Ислам діні салтанат құрған. Ғибадат ететін орындар бойынша тек мұсылман мешіттері ғана тіркелген. Жалпы аудан аумағында 25 мешіт өз жамағатына қызмет көрсетуде. Ол мешіттерде 11 бас имам, 15 наиб имам, 10 азаншы және 11 ауыл молдасы мен 5 білікті ұстаздар халыққа қызмет етіп келе жатыр.

Ата-бабамыз қабылдаған асыл дініміз, дәстүрлі ислам діні ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде беріліп келе жатыр. Ауданға ағымдағы жылдың мамыр айында тағайындалған бас имам Сыдықбаев Ануархан дін саласындағы өзекті сауалдарды бірден қолға алып, нәтижелі жұмыстардың басын қайыруға бірден білек сыбана кірісіп кетті. Бірқатар өзгерістер енгізіп, ішкі бақылау мен қадағалау жұмыстарына, шешім қабылдау бағыты бойынша және басқа да жұмыстарды  сапалы жүзеге асыру үшін әр бағытқа жауапты болатын дін қызметкерлерін тағайындады. Алдағы уақытта қандайда бір сұрағыңыз туындап жатса осы бағыттар бойынша жауапты дін қызметкерінен ақыл-кеңес сұрай аласыз.

“Жат діни ағымдардан сақтандыру бағыты”, “Діни оңалту бағыты” және “Діни сараптама” бағыты бойынша ауданның бас имамы А.Сыдықбаев өзінің жауапкершілігіне алды.

“Уағыз насихат және ихсан” бағыты, “Уақып қоры” және “Қажылық бағыты бойынша” жұмыстарға аудандық орталық мешітінің наиб имамы Д.Рақышев жауапты болып бекітілді.

“Діни оқыту ағарбу бөліміне” және “қамқор шарапат орталығы” жұмыстарына жауапты болып- аудандық орталық мешітінің наиб имамы С.Өзбеков бекітілді.

“Дін мен дәстүр” бағыты бойынша Кетпен ауылының бас имамы Ш.Курбанов,

“Жастар ісі бойынша секторы”  Үлкен Ақсу ауылының бас имамы Ш.Авдинов белгіленді.

“Мешіт істері” бағытындағы қызметтер мен есеп бөлімі бойынша жұмысқа аудандық орталық мешіттің наиб имамы Д.Есенов тағайындалды.

“Ізгі қоғам” бағыты бойынша жұмыстарға Тасқарасу ауылдық мешітінің бас имамы Қ.Ұзақбаев бекітілді.

“Шариғат және пәтуа” бөліміне Шарын ауылының наиб имамы Хамидов Заир тағайындалды.

“Халал даму” бағыты бойынша Шарын ауылдық мешітінің бас имамы И.Хакимов,

“Зекет және қайырымдылық қоры” бағыты бойынша аудан орталығындағы 3 мешіттің бас имамы Айт Әділжан жауапты ретінде бекітілді.

Осылайша әрбір бекітілген дін өкілдері өздерінің бағыты бойынша тиісті қызметтерді атқарып, жамағат пен көпшіліктің арасынан туындаған сұрақтарға нақты жауаптар беретін болады. Қазіргі таңдағы жат ағымдардың жетегіне кетуден сақ болу үшін сан тарауға бөлінген сенімсіз бағыттарға түсіп кетпей, пәтуаны да, сенім мәселесін де басқа сұрақтарды да өзіміздің мешіттен, оның ішінде жоғарыда атап көрсеткен әр бағыт бойынша жауапты дін қызметкерлерінен ғана сұрағыңызға жауап алып, ақыл кеңес сұрап отырсаңыз болғаны.

Бүгінгі қауіп пен қатер жан-жақтан төніп тұрған әлсіз қоғамда діннің даңғылына түскен адамды адасушылықтан тек дәстүрлі дін ғана құтқаратындығы айқын. Ата-бабамыздан қалған әрбір салт пен дәстүр Ислам діні мен оның шариғатына негізделіп жасалған.

Дін татулықтың, келісімнің, ауызбірліктің, ынтымақ пен берекенің және адами құндылықтардың әлемі. Дінді халықтың арасында дұрыс насихаттау керек және көпшіліктің оң түсінікпен қабылдауына ықпал жасауымыз керек. Ол үшін дәстүрлі Исламды өміріміздің бір бояуы ретінде сіңдіре білуіміз қажет.

Ақжол НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ДІТТЕГЕНІ НЕ НӘРСЕ?

Бүгінгі қоғам өте қызық. Ондағы тіршіліктің қайсысы жақсы, қайсысы жаман деп ойыңды қорытқ…