Басты бет Иман АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ТӘЖІ

АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ТӘЖІ

0
738

Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы – исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасынан басталатындығын Пайғамбарымыз жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.

Отбасы құндылығы жылы аясында ауданда үлкен шара өтті. Облыстың бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы көмекшілерімен ең алдымен орталық мешітке келді. Мұнда «Адамзаттың асыл тәжі» атты кітаптың мазмұнын кім, қаншалықты дәрежеде білетіндігі сарапқа салынды. Тек қана имамдар емес жалпы жамағат өз білімдерін тарзылады. Алланың сүйікті құлы әрі елшісі, адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммед екендігі даусыз. Бұл кітапта Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келгенге дейінгі Арабстанның жалпы жағдайы, Пайғамбардың дүниеге келуі, балалық және жастық шағы, пайғамбарлықты қабылдап алуы, алғашқы мұсылмандардың басынан кешкендері және Мұхаммед пайғамбардың Мәдинаға көшіп барғаннан кейінгі өмір жолы қызықты оқиғалар желісімен баяндалады. Бұл жалпылама түсінікті болу үшін айтқанымыз. Осы кітаптағы деректер бойынша 25 жамағат додаға түсті. Әркім өз пайымдауларын ортаға салды, Пайғамбарымыздың өмірдерегінен қаншалықты хабардар екендіктерін танытты.  Орталық мешіт жанындағы хатымханада Мәулет күніне орай арнайы жайылған дастарқаннан көпшілік дәм ауыз тиді.

Бір сағаттан соң аудандық мәдениет үйінде «Қарттар мерейі, Мәулет шапағаты»  атты мерекелік шараға дін өкілдерімен бірге ауданның қариялары, жалпы көпшілік бас қосты. Шара «Қарадала» театрының «Өсиеті – адамзатқа үлгі» атты тақырыпқа тұздық болатын қойылымын көрсету арқылы басталды. Үлкен сахнадан «Елшілердің мөрі»  атты бейнебаян ұсынылды. Тағылымы мен берері мол дүние болды. Шара тізгінін қолына алған жігіт: Қарт – елдің қазынасы, шежіресі. Ал Мәулет – адамзатты мейірімге, адалдыққа, бірлікке үндеген ұлы мереке. Екеуін ұштастыру – өткенге тағзым, болашаққа бағдар. Қарттарға құрмет көрсету – мемлекеттік саясаттың бір бөлігі. Мәулет мерекесі де бізді адамгершілікке, елді сүйюге, татулық пен тұрақтылықты сақтауға үндейді, деп сөзін сабақтай келе, алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары Ерасыл Толымбекұлына берді.

Бүгінгі қарттар күнімен тұспа-тұс өткізіліп отырған Мәулет мерекесімен жиналған қауымды құттықтап, өзінің ізгі ниетін білдірді. Дін – адамзат тарихында әрқашан ізгілікке, мейірімділікке, әділдікке және имандылыққа шақырып келген. Қазақ халқы үшін дәстүрлі ислам діні ғасырлар бойы мәдениетіміздің, әдет-ғұрпымыздың, салт-дәстүріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Жас ұрпақтың бойына имандылық пен адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, діни сауаттылығын арттыруға тиіспіз. Жалған ағымдардан сақтандырып, дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу – баршамыздың ортақ парызымыз екендігін айтып, қос мерекемен тағы бір рет құттықтады. Сөзіміздің басында айтып өткен сайыста жеңімпаз атанғандарды марапаттады.

Үшінші мешіттің жамағат Медет Жарқынбеков бірінші орынды жеңіп, Мекке Медина қаласына кіші қажылыққа жолдама ұтып алды. Оны облсыиың бас иамамы табыстады. Екінші орын Шарын ауылынан келген Самат Айнабековке бұйырды, ол 70000 теңгелік ұтысқа ие болды. Үшінші орынға табан тіреген долайтылық Адым Қадыров 50000 теңге алды. Данияр Рақыш «Орда Сығанақ» шипажайына жолдамаға ие болды.

Сонан соң сөз алған Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілі, бас имам Мадияр Пірімқұлов Мәулет күнінің қасиетін түсіндіріп, қарттар туралы ыстық ықыласын білдіріп, дәстүрлі діндер – елдің рухани тірегі, қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың негізі. Осы құндылықтарды сақтай отырып, біз жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Қарттарға құрмет, Мәулетті тойлау – халқымыздың рухани бірлігін көрсетеді.Еліміздің болашағы – жастардың қолында, ал жастардың тәлімі – сіздердей қарттар мен дәстүрлі дін өкілдерінің өнегесінде. Пайғамбарымыз  айтқандай: «Мейірімді болмаған адамға, мейірім жасалмайды». Сондықтан, жүрегімізде иман, өмірімізде әділдік пен мейірім болсын!   Қос мереке — ұлтты ұйыстыратын, елді ынтымаққа шақыратын, мемлекетеміздің бекемдейтін  рухани қазына болсын, – деп тілегінің нүктесін қойды. Шараның соңы мәулет жырына ұласты. Оны Нуриддин қари мен Бектұр қари оқыды.

Аманбике ЖАНЫСБАЙҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛЛА ЕЛШІСІНІҢ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) БОЛМЫСЫ МЕН МӘМІЛЕСІ

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد Жаратқ…