Отаны жоқ болса да тілдерін жоғалтпай, қызғыштай қорғап жүрген ұлттар баршылық. Олар өзге мемлекетте туып, өскендіктен сол жердің тілінде сөйлейді, білім алады, қызмет атқарады. Дегенмен өз ұлтының тілінде сөйлеуді жөргектегі сәби кезінен қолға алады. Бұл жақсы нәрсе. Өз тілінде сөйлеп, өз тілінде ұғынысып, бірақ тұрып жатқан мемлекетінің тілін де құрметтеп, сол тілде таза сөйлеуге тырысып жүргендерін көргенде риза боласың. Тілі …