Аталған акция шеңберінде көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, абаттандыру және көркейту жұмыстары қолға алынуда. Іс-шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары белсенді қатысуда. Ортақ мақсат – қоршаған ортаны таза ұстап, туған жеріміздің көркеюіне үлес қосу. Барша аудан тұрғындарын тазалық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз!
Аудан орталығы Шонжы ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілуде.