Алматы облысында туристік бағыттарда ауқымды сенбіліктер өтіп жатыр. «Тазалық күндері» экологиялық акциясы аясында шатқалдар мен сарқырамалардан бастап көлдер мен демалыс аймақтарына дейінгі аумақтар тазартылуда. Бастама мамыр айындағы мерекелер мен демалыс күндері өңірдің негізгі туристік нысандарын абаттандыруды күшейтуге бағытталған.
Тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқан бағыттар қатарында Есік көлі, Көлсай көлдері, Шарын шатқалы, Ассы жайлауы, Первомай тоғандары, музейлер аумағы, табиғи ойын-сауық саябақтары және жыл сайын мыңдаған туристер тамашалайтын өзге де нысандар бар.
Бүгін «Тазалық күндері» экологиялық акциясы аясында 130 кәсіпорын мен ұйым өкілдері, жалпы 20 мыңнан астам өңір тұрғыны 120 гектардан астам аумақты тазартты. Тазалық жұмыстары Түрген шатқалында, «Таңбалы тас» археологиялық кешенінде, «Ақ-Бұлақ» тау-шаңғы курортында, «Көшпенділер қалашығында» және өзге де танымал туристік орындарда жүргізілді. Бір күннің ішінде 340 тонна тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигондарға шығарылды. Жұмысқа 22 бірлік арнайы техника жұмылдырылд
