Адамнан және оның денсулығынан артық қандай қазына болуы мүмкін. Ал сол денсаулықты күту, сақтау адамның өз қолында екендігінде тағы дау болмас. Денсаулық кепілі – тазалық десек, ол адамның рухани, мәдени деңгейі мен кісілігі, тәрбиесінің маңызды көрсеткіші болмақ. Адамдардың түр-түсі, бет-бейнесі, тұла бойының сәнділігі, айналасына тартымдылығы да оның денсаулығынан хабар берсе керек. Ал адамдардың бір-біріне деген шынайы адамгершілік қатынасы, адалдығы, сыйластығы …