Басты бет Саясат Сенім артқан сәт

Сенім артқан сәт

0
785

Еліміздің тарихында елуелі
оқиға орын алды. Яғни, Қазақстан Республикасының Президенті ресми түрде ант
қабылдады. Баршаңызға мәлім, күні кеше елімізде 
Президент сайлауы өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақстандықтардың 70,13
пайызы  дауыс берді. Енді бүгін
Елордадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті.

         Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдары мен бастамаларын одан
әрі жалғастыратынын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді.
Президентіміз өз сөзінде ел ішіндегі бірқатар мәселелерді қаузап, алдағы
уақытта бұлардың шешім табатындығына сендірді. Нақтырақ айтқанда, тұрғын үй
мәселесі, халықтың тұрмыс жағдайын арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою, білім
және медицина саласын жетлідіру сияқты мәселелер Қасым-Жомарт Кемелұлының
назарында болды. Шындығында, Елбасы саясатын жалғастырушы жаңа
Президентіміз  еліміздің өркендеп
дамуына, гүлденуіне, көркеюіне бар күш-жігерін салып, қоғамдағы басты мәселе –
сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі деп ойлаймын және сенім білдіремін.

         Альбина
Қурванова,

мұғалім

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Киелі мекен» акциясын бастады

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы» қор…