Басты бет Саясат АЭС ЕЛГЕ ҚАНДАЙ ПАЙДА АЛЫП КЕЛЕДІ?

АЭС ЕЛГЕ ҚАНДАЙ ПАЙДА АЛЫП КЕЛЕДІ?

0
27

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында энергия тапшылығына кеңінен тоқталып, 6 қазанда атом электр стансысын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өтетінін мәлімдеді. Осыған орай, жұртшылық атом электр стансысының пайдасы мен зиянын саралап жүр. АЭС салынса елге қандай пайда алып келетінін білу мақсатында  Ядролық физика институты бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаевпен сұхбат құрған едік.

         – Елімізде АЭС салынса, ол бізге не береді?

–  Ең бірінші пайдасы электр энергиясы тапшылығын жояды. Біз қазір Ресей мен Қырғыз мемлекетінен күнделікті электр энергиясын сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Көбіне кешкі және таңертеңгі уақытта сатып аламыз. Яғни, Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазір бізде жетіспеушіліктің қуаты 2 ГВт-тан асып тұр. АЭС-ті салсақ қуаттылықтың мөлшері толық  10-12 пайыз болады. Бір ғана АЭС салып электр қуатының жетіспеушілігін еңсере алмаймыз. Десе де өндірістік қажеттіліктерге, тұтынушыларға толық жетеді. Себебі, 24 сағат жұмыс істейтін атом электр стансысы ең тиімді және тұрақты электр энергия көзі. Баламалы энергия көздеріне қарағанда пайдалы әсер коэфиценті 90 пайызды құрайды. Ал күн электр стансыларынікі 18-20 пайыз, жел электр стансыларынікі 40 пайызды құрайды. Тағы бір пайдасы жаңа жұмыс орындары көбейеді. Іске қосылғаннан кейін 2000-нан астам адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, АЭС салынған өңірде бизнес дамиды. Жалпы экономика жағынан пайдалы болады. Одан бөлек, парниктік газдар шығарындыларын азайта аламыз. Себебі атом энергетикасы төмен көміртекті болып келеді. Бұл Қазақстанға парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және климаттың өзгеруіне қарсы күреске өз үлесін қосуға көмектеседі.

– АЭС салынса жаңа жұмыс орындары ашылады дедіңіз. Бізде осы сала бойынша маман тапшылығы болмай ма?

– АЭС-ті пайдалануға қауқарымыз жетеді. Бізде 4 атомдық реактор бар. Оның біреуі істен шығарылды. Үшеуі жұмыс істеп тұр. Ол ғылыми – зерттеу жұмыстарына арналған. Осы атомдық реакторлардың барлығында өзіміздің азаматтар жұмыс істеп жүр. Бұл Қазақстанда баяғыдан мамандар даярланып жатқанын көрсетеді. Қазақ ұлттық университеті, Еуразия ұлттық университеті, Шығыс Қазақстанда Аманжолов және Серікбаев атындағы университеті, Қ. Сәтбаев университетінде, Алматы Энергетикалық университетінде инженер мамандар даярлап жатыр. Мәселен, біздің институтта 750 адам жұмыс істейді. Ұлттық ядролық орталықта 2000-ға жуық адам бар. Сондықтан маман тапшылығы болмайды.

– Шыны керек, қазір халықта үміттен үрей басым. АЭС қаншалықты қауіпсіз және Қазақстан оны қалай пайдаланады?

         – Рас, қазір жұртшылықтың көбі Семей полигонын мысалға алып, жарылыс болады деп қорқып жүр. Семей полигонында арнайы жарылыс жасады. Онда уран 90 пайыз байытылды. АЭС-тегі уранның байытылуы 4-5 пайыз ғана. Біз қару-жарақ ретінде қолданылатын уран мен бейбіт түрде қолданылатын уранның айырмашылын білуіміз керек. Мамандар АЭС-тің III және III+ буынды реакторларды ұсынуда. Әлемнің дамыған мемлекеттері осы реакторларды қолданып келе жатқанына 50 жылдан асты. Ешқандай жарылыс болған жоқ. Сонымен қатар, халықтың көбі атом электр стансысынан шығатын қалдықтарға алаңдаулы. Радиоактивті шығындарды уақытша сақтау қоймасына салып, қайтадан өңделетіндей қылып, заманауи технология негізінде жаңа отын ретінде пайдалануға болатын мүмкіндік бар. Қалдық отынды байытып, қайтадан отын ретінде 4 буын реакторларына дайындауға болады. 3-4 рет пайдаланған соң аз ғана қалдықты қорғасындардың ішіне сақтайды. Оның табиғатқа кері әсері болмайды.

–  Неге атом энергиясы? Неге сутегі немесе күн, жел энергиясын таңдамаймыз?

 – Біз АЭС салумен шектелмейміз. Күн, жел, сутегі энергиясын қатар дамытамыз. Өйткені бір ғана АЭС барлығының орнын баса алмайды.

– Халықпен жиі кездесіп жүрсіздер. Елді мазалайтын қандай сауал бар екен?

– Жұртшылық «қауіпсіздікті кім қадағалайды?» деген сауалды жиі қояды. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік – (МАГАТЭ) бүкіл әлемдегі бейбіт атомның қолданылуын қадағалайтын ұйымның бірі. Біздің ғылыми-зерттеу реактор АЭХА-гі (МАГАТЭ) сарапшыларының бақылауында десек қателеспейміз. Жыл сайын біздің ұйымды АЭХА үш мәрте тексеріп кетеді. АЭС және ғылыми-зерттеу реакторларына АЭХА ұйымының қауіпсіздік жағынан және пайдалану жағынан қойылатын талаптары бірдей. Ол үлкен бе, кіші ме атом реакторына бірдей талаптар қойылады, яғни бұл қадағалаудың үлкен деңгейде екенін көрсетеді.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Айдар ҚАЛИЕВ

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…