Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауына байланысты маңызды мәселелер талқыланды, олардың ішінде атом электр станциясының ұтымды тұстары мен маңызы ерекше назарға алынды.
Кездесуде сөз сөйлеген штаб мүшесі Берікбай Атагельдиев еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды. Ол халық санының жыл сайын артып келе жатқанын ескере отырып, энергетикалық ресурстарға деген сұраныстың да өсіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда энергия тұтыну деңгейі жоғары қарқынмен ұлғайып келе жатқанын еске салып, егер бұл үрдіс жалғаса беретін болса, алдағы онжылдықтарда энергетикалық тапшылыққа тап болуымыз мүмкін екенін ескертті. Ол бұл мәселені шешудің бір жолы ретінде атом электр станциясын салу қажеттілігін ұсынды. Оның айтуынша, атом станциясы елімізге энергиямен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға ықпал етеді.
Кездесу соңында мектеп ұжымыда ойларын ортаға салып, АЭС салу мемлекетіміздің болашағы үшін қарышты қадам екенін атап өтіп, қолдайтындықтарын білдірді.
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ХалықтықШтаб