Басты бет Саясат СҮМБЕ ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

СҮМБЕ ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
156

Халықтық штаб мүшелері Сүмбе орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауына байланысты маңызды мәселелер талқыланды, олардың ішінде атом электр станциясының ұтымды тұстары мен маңызы ерекше назарға алынды.

Кездесуде сөз сөйлеген штаб мүшесі Б.Абдилова еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды. Ол халық санының жыл сайын артып келе жатқанын ескере отырып, энергетикалық ресурстарға деген сұраныстың да өсіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда энергия тұтыну деңгейі жоғары қарқынмен ұлғайып келе жатқанын еске салып, егер бұл үрдіс жалғаса беретін болса, алдағы онжылдықтарда энергетикалық тапшылыққа тап болуымыз мүмкін екенін ескертті. Ол бұл мәселені шешудің бір жолы ретінде атом электр станциясын салу қажеттілігін ұсынды. Оның айтуынша, атом станциясы елімізге энергиямен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға ықпал етеді.

Кездесу соңында мектеп ұжымыда ойларын ортаға салып, АЭС салу мемлекетіміздің болашағы үшін қарышты қадам екенін атап өтіп, қолдайтындықтарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…