Ұйғыр аудандық партия филиалының төрағасы Нұров Мәулен Мұқажанұлы БАҚ өкілдеріне атқарған жұмыстары жөнінде брифинг өткізді.
Өз кезегінде халық қалаулысы брифингтің негізгі мақсатына тоқталып, партия төрағасының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі сайлауалды бағдарламаның орындалу барысына тоқталды.
«2023 жылдың басынан 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, іс-шараларға белсене қатыстым. Сонымен қатараудандағы азық-түлік дүкендеріне, жанармай (газ, дизель) бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізіп, баға тұрақтылығы жөнінде мәселелерді қозғап, бақылау жұмыстарын жасадық.
Ұйғыр аудандық Жол картасы негізінде салынып жатқан бірнеше объектілердің жұмыс барысын бақыладым. Аудан орталығы Шонжы ауылында салынған 900 орынды мектеп құрылысының жұмыс сапасын қадағалау мақсатында бірнеше рет аталған нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан адамдармен кездестім. Бүгінгі күні аталмыш мектеп өз жұмысын аяқтап, желтоқсан айында толықтай қолданысқа берілді.
Жол картасындағы келесі объект – Тасқарасу ауылындағы фельдшерлік акушерлік пункттің күрделі жөндеуден өтуі. Аталмыш нысанға бірнеше рет барып, жөндеу жұмыстарының сапасын бақыладым. Бүгінгі күні бұл нысанның жұмыстары толық аяқталып, қолданысқа берілді.
Сондай-ақ Кіші Дихан ауылындағы «AMANAT» партиясының жол картасы негізінде салынған дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы толығымен аяқталып, қолданысқа берілді.
Азаматтардың өтініштері мен талап – тілектерін тыңдау , жұмыс жүргізу мақсатында аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бірнеше рет қабылдау жүргіздім. Қаралған негізгі мәселелер : зейнеткерлік жас мәселесі ,жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі балаларға жеңілдіктер қарастыру сынды және т.б.
Аталған мәселелер тікелей менің бақылауымда болып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық қабылдауыма жазылып, жұмысқа орналасу туралы өтінішін білдірген Шонжы ауылының тұрғынына өз тарапымнан көмек көрсетіп, тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал еттім. Партияның саяси жұмыстарына белсене қатыстым. Партиялық жобалар аясында (Кедергісіз келешек, Бақытты отбасы) балаларды қорғау күніне орай ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесіп, азық-түлік себеттерін табыстадым. Азаматтардың талап-тілектерін тыңдау , жұмыс істеу – депутатқа берілген үлкен міндет. Халықпен жұмыс жүргізу арқылы олардың көкейтесті сұрақтарына, өзекті мәселелеріне бірлесе шешім қабылдап жұмыс жүргіземіз.», – деп атап өтті өз сөзінде Маулен Мұқажанұлы.
Мұнан соң партия филиалының төрағасы қоғамдық қабылдау жұмыстары барысында оң шешімін тапқан мәселелерге тоқталып, сондай-ақ үгіт-насихат кезеңінде жергілікті сайлаушылардан келіп түскен талап-тілектердің орындалуы жайында айтып берді.
Айта кетейік, алдағы уақытта партия филиалының төрағасы ай сайын брифингке қатысып, атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, журналистердің сауалдарына жауап беретін болады.