Басты бет Заң және қоғам СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚАСІРЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚАСІРЕТ

0
521

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өмір сүруді жалғастыруда, тек ауқымымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тартуды тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негізгі терминдердің бірі ретінде анықталған сыбайлас жемқорлық латын тілінен «соггитреге» сөзі мағынасына қарай «мемлекет ағзасының, қоғамдық қатынастардың бұзылуы» дегенді білдіреді, «сатып алу» терминінің мәні ретінде — әдетте лауазымды адамның өз биліктік өкілеттіктерін және өзіне сеніп тапсырылған құқықтарын алдау, қорқытып алу, сөзбұйдаға салу жолымен Қазақстанда мемлекеттік саясат басымдықтарының заңнамасы мен моральдық нормаларына қайшы келетін пайдалануын білдіретін термин.

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы Сыбайлас жемқорлыққа келесі анықтама береді – бұл «… мемлекеттік функцияларды орындайтын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңда көзделмеген қабылдауы не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, сол сияқты осы адамдарды жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы сатып алуы».

Пара деген не? Бұл лауазымды адамның басқа тұлғадан өзі атқаратын лауазымына байланысты қандай да бір қызметтер көрсетілетін ақша немесе өзге де игіліктер алуы. Бұл ретте аталған ақша мен игіліктерді әрдайым пара алушы ала алмайды, көбінесе олар оған жақын адамдарға немесе жалған ұйымдарға берілуі мүмкін.

Заттар – ақша, оның ішінде валюта, банктік чектер және бағалы қағаздар, бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автомашиналар, пәтерлер, саяжайлар және қала сыртындағы үйлер, тамақ өнімдері, тұрмыстық техника мен аспаптар, жер учаскелері және басқа да жылжымайтын мүлік берілсе, ол пара болып есептеледі. Сондықтан мемлекеттік қызметтегі адамдардың пара беруі мен алуын болдырмау – міндетіміз.

Ж.СЕЙДАХМЕТОВ,

аудандық аумақтық инспекция басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекел…