Басты бет Көкжиек 9 АЙДА 9 ІС-ШАРА

9 АЙДА 9 ІС-ШАРА

0
384

    Білім саласында көптеген ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру мақсатында ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Баланың қабілетін тек пәндік сабақтармен ғана шектеп қоймай олардың бойындағы дарындарын ашу жолында көптеген шаралар жасалып, тіпті ауданымызда көптеген жас сарбаз, жас шекарашы, жас полиция көмекшісі, жас құтқарушы сияқты клубтар ұйымдастырылғанының куәсіміз. Бір жағынан өте ұтымды үрдіс деп қабылдауға болатын шығар. Бала өзінің қабілетіне қарай ертерек икемделіп, болашағына бағдар жасауына мүмкіндік алады.

Білім алушылардың бойына тұлғалық және ұлттық құндылықтарды сіңіруде жүзеге асырылып жатқан «9 ай – 9 іс-шара» жобасы да әр білім ордаларында әртүрлі шарамен өткізіліп келеді. Мектеп оқушыларының эстетикалық, патриоттық сезімдерін биіктетіп, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырып, еліміздің мәдени мұрасын сақтау үшін, ұлттық ойындарды молынан насихаттап, сыни, логикалық ойлауды дамытып, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, кітап оқуға құштарлықтарын арттырып, саламатты өмір салтын насихаттауда бұл жобаның алар орны ерекше. Осы жақында Кіші Ақсу орта мектебінде осы жобаның аясында 6-10 сынып қыздары арасында «Бұрымды қыз! Ұлттық құндылықтар» атты байқау өтті. Жай есеп беру немесе жоғарыдан келген тапсырманы орындау үшін емес, шынайы түрде қыздарымыздың бойындағы ұлттық құндылықтарды көрсетіп, олардың қабілеттерін ашуды мақсат тұттық. «Бұрымды қыз» байқауына қатысқан қыздар ұлттық киімдерін киіп, шаштарын екі бұрым етіп өріп, салт-дәстүрден білетін мағлұматтарын ортаға салды. Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеген, салт-дәстүрімізді сақтаған, шаш күтіміне құрметпен қараған қыздардың қылықтары жиналғандарды тәнті етті. Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын еркін жеткізе білу де баға қойылғанда ескерілді. Арнайы құрылған әділқазылар алқасы шынайы бағаларын берді. Мектеп оқушыларының басым көпшілігі ұйғыр ұлтынан болса да қазақ қыздарының бойындағы инабаттылықты, тәрбиелілікті, мәдениеттілікті, қазақтың салт-дәстүрлерін шама-шарқыларынша көрсетуге тырысты.

«Ең шашы ұзын қыз» номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Дильнура Хамидова бас бәйгені жеңіп алса, ұлттық құндылықтарды дәріптеу аясында салт-дәстүрлерді көрсету бойынша гран-приды 8 сынып қыздары қанжығаларына байлады. Жүлделі І орынды 9 сынып қыздары иеленсе, ІІ орынды 6 сынып қыздары, ІІІ орынды 10 сынып қыздары және «Инабатты қыздар» номинациясын 7 сынып қыздары жеңіп алды. Мектептің педагог-ұйымдастырушысы Замирәм Қадырованың басшылығымен ұйымдастырылған бұл байқау өте жоғары дайындықпен әсерлі, көптің көкейінде ұзақ сақталатындай деңгейде өтті.

Дильфуза АЛИМОВА,

мектеп жанындағы «Висал» қыздар ұжымының жетекшісі

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында жаңа инновациялық мектеп ашылды

2024 жылғы 6 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрі…