Басты бет Саясат «Аққайнар» петроглифтер кешенін мемлекет қорғауына алу қажет — АМАНАТ

«Аққайнар» петроглифтер кешенін мемлекет қорғауына алу қажет — АМАНАТ

0
571

Алматы облысы Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы жанындағы облыстық партиялық бақылау комиссиясының және экологиялық мәселелер жөніндегі кеңестің бірлескен отырысы өтті. Жиында өңірдің тарихи-мәдени және табиғи мұрасын сақтау, қорғау шаралары зерделенді. Атап айтқанда, Жамбыл ауданындағы «Аққайнар» петроглифтер кешенінің және Іле өзенінің жағасында орналасқан «Таңбалы тас» шатқалының экологиялық жағдайы назарға алынды.

Отырыс жұмысына тарихшылар, экологтар, қоғам белсенділері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев «Таңбалы» қорығында 10 мыңнан астам петроглиф орналасқанын, ал «Аққайнар» кешенінде ежелгі дәуірде тасқа қашалған 5 мыңға жуық таңба табылғанын атап өтті. Алайда, «Аққайнар» кешені осы күнге дейін мемлекет қорғауындағы нысандар қатарына енген жоқ. Сондықтан, тарихи мұраның жойылып кету қаупі бар.

Ежелгі өнер туындыларының тағдырына қоғам белсенділері де алаңдап отыр. «Охотники за петроглифами» қоғамдық бірлестігінің директоры Ольга Гумирова «Аққайнар» кешеніндегі тасқа қашалған таңбалардың басым бөлігі вандализм әрекетіне ұшырағанын атап өтті.

«Бүгінде ежелгі ескерткіштерді зерттеу жұмысы толық аяқталған жоқ. Соның салдарынан нысанды мемлекет қорғауына алу мүмкін болмай отыр. Таңбалардың басым бөлігі жазу, бояу, цемент, гудрон және өзге де қоспалар кесірінен зақымдалған. Киелі орынның ең көп зақымданған тұсы – орталық бөлігі. Онда ұзақ жыл әскери далалық лагерь орналасты. Барлық ғылыми-зерттеу жұмысы аяқталғанға дейін жартас жазығын қалпына келтіру және ондағы жазуларды өшіру бойынша шара қабылдау қажет. Жалпы, «Аққайнар» шатқалын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізу мәселесін қарастыру қажет», – деді ол.

Толығырақ: amanatpartiasy.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Шарындықтар белсене атсалысты

Халық арасында «Тазалық – денсаулық кепілі»дейтін тәмсіл бар. Қазіргі таңда жүзеге асырылы…