Басты бет Әлеумет «Ауғанстан аумағындағы ұрыс-қимылдары қатысушыларының еңбек өтілін есептеу тәртібі»

«Ауғанстан аумағындағы ұрыс-қимылдары қатысушыларының еңбек өтілін есептеу тәртібі»

0
378

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VIIҚазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу және растау тәртібі осы Кодекстің 208-209-баптарымен реттеледі. Бұл орайда зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде әскери қызмет есепке алынады.

Кодекстің 208-бабы 2 тармағы 1)  тармақшасына сәйкес еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу кезінде ұрыс қимылдары кезеңінде әрекет еткен армия құрамындағы, оның ішінде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңінде партизан отрядтары мен құрамаларында болуы, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерінде емделуде болған уақыт – әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындаған кезде осы қызметтің мерзімдерін есептеу үшін белгіленген тәртіппен жұмыс өтіліне есептеледі.

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің2023 жылғы 29 тамыздағы№733 қаулысыменбекітілгенәскери қызметшілердіңеңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларына сәйкес әскери қызметшілер және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан басқа елдердің аумағында болған әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелер мен бөлімшелерде, яғни Ауғанстанда 1978 жылғы сәуірден бастап 1989 жылғы 15 ақпанға дейінгі қызметтің 1 айы үш ай болып жеңілдікпен есептеледі.

Бұл ретте, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттары ретінде Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органының анықтамасын немесе әскери билеттерiн ұсыну қажет.

Еңбек және әлеуметтік қорғау

комитетінің Алматы облысы бойынша

департаментінің №4 зейнетақы және

әлеуметтік қамсыздандыру

бөлімінің басшысыК. Естеуова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…