Басты бет Иман САУАБЫ МОЛ КЕШ

САУАБЫ МОЛ КЕШ

0
2,242

САУАБЫ МОЛ КЕШ

Ораза – адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадат. Ислам әдебімен орайлас, халықтың тұрмыс-салтына етене болып қалыптасқан игілікті дәстүр. Рамазан айында өзара “ауызашарға” шақырысу дәстүрге айналған.

Хадистерде ораза кезінде мұсылманның өзін-өзі тәрбиелеп, мінез-құлқын қалыптастыруының негізгі шарттары белгіленген. Аузы берік адамның бос сөзден, орынсыз әрекеттерден бойын аулақ салып, жаман істерден тыйылуы, ғибадатын арттырып, бос уақытын дін іліміне тереңдеп, зікір, салауат айтумен өткізуі абзал. Бұл да — оразаның сауабын арттыратын амалдар. Оразаның қоғамдағы пайдасы — жаратушы мен адам, адамдар мен әлем арасындағы түсіністік артып, мейірім ұлғаяды. Адамдар ырзық-несібенің қадірін түсініп, дәулетті мен жоқ-жітік арасында байланыс орнайды.
Міне осындай қасиетті рамазан айында, жұмаға тұспа-тұс келген «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу қарсаңында, мемлекеттік лот тапсырысы аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Бәйтерек» мейрамханасында «Адам және қоғам» қоғамдық ұйымының «ЭКСПО-2017» Қазақстан болашағы» атты мерекелік іс шара мен жүз адамға ұйымдастырылған ауызашар өтті. Сауабы мол бұл іске мешіт имамдарымен қатар ауданымыздың әр өңірінен ораза тұтқан, сондай-ақ көп балалы аналар мен мүгедектер, аз қамтылған отбасы мүшелері қонақ болып, дәмнен ауыз тиді. Бұл шарадан балалар да тыс қалған жоқ, көппен бірге шараның көркін кіргізіп, ойындары қанғанша думандатты. Жұртшылықтың көңілінен шығып сауапқа кенелуді көздеген ұйымдастырушылар қонақтарға әлемдік көрменің кереметін залға орнатылған проектор арқылы тамашалатып, еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталып, арнайы дайындалған сыйлықтарды үлестірді. Ауызашар кезінде мешіт имамдарды оразаның сауаптары мен адам ағзасына пайдасы, бүгінгі жастарымыздың оразаға деген ықыластарына ағалық ақылдарын қосып, кеңестерімен бөлісті.
Ауызашардың аяғында «Аудандық қимыл қозғалысы кем мүгедектер қоғамының» төрайымы Жамал Оқаева жақсылықтың басы-қасында жүрген жандарға алғысын айтып, игі істердің әлі де жалғасатынына сенім білдірді. Жиналған қонақтардың ішіндегі мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін қоғамның бір мүшесі екендігін тағы бір мәрте сезініп қанаттанғандай күй кешті.


Ынтызар БЕРЕНБАЕВА,
ҚазХҚжӘТУ студенті

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ДІТТЕГЕНІ НЕ НӘРСЕ?

Бүгінгі қоғам өте қызық. Ондағы тіршіліктің қайсысы жақсы, қайсысы жаман деп ойыңды қорытқ…