Басты бет Саясат ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

0
1,233

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Ұйғыр аудан әкімі Нурахунов Шухрат Турдахунұлы аудан тұрғындарын қабылдады.

Ауданымыздағы елді-мекендердерде газ тарту, кәріз және ауызсу жүйесі, балаларға арналған алаңдардың салынуы мектеп мәселесі әрқашан да күн тәртібінде өзекті мәселелер ретінде тұр және рет-ретімен шешілу жолдары қарастырылуда.
Аудан әкімі тұрғындардың түйткүлді мәселелері бойынша өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Қабылдауға келген аудан тұрғындары баспана мәселесі, жол, әлеуметтік көмек мәселелері толғандырады. Аталған өтініштерге жауапты бөлім басшылары келіп тиісті жауаптарын беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында тұрғындар көтерген мәселелер, қойылған сұрақтар бойынша аудан әкімі тиісті мекемелерге тапсырмалар беріп, орындалуын қатаң бақылауға алатынын жеткізді.

Сонымен қатар, аудан әкімі Ш.Нурахунов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» партиялық жобалары бойынша азаматтарға түсіндірме жұмыстарын да жүргізді.

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Креативті индустриялар: Қазақстанда экономиканың стратегиялық маңызды секторы қалай дамып жатыр?

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Ме…