Басты бет Заң және қоғам ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ

0
1,422

Бүгінгі таңда әлемде діни экстремизм мен терроризм мәселелері өзекті саналып отыр. Шырмауықтай шырмалған дүниеден шығу да оңай емес. Ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жат ағымдарға есікті бекітіп ұстау қажет.
Оның кең таралмауының тиімді бір жолы – ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен жүргізу. Әсіресе жастар арасында. Өйткені жастар – еліміздің ертеңгі қанаты. Олардың алаңсыз білім алып, азамат болғаны әрбір ата-ананың арманы. Біздің ауылдық округ мамандары да бұл бағытта тұрақты жұмыс атқарып келеміз. Мешітке барып, онда қандай насихат жұмыстары жүргізіліп жатқандығын әркез бақылап отырамыз. Ауыл жастарының басын қосып жиындар, дөңгелек үстелдер өткіземіз. Мұндай жиындарға ауыл жастарының жинала қоюлары да қиын. Дегенмен қоғамға кері әсерін тигізетін діни экстремизмнен бойларын аулақ ұстауға қатысты әңгімелер тұрақты жүргізіліп отыратындығын айтқымыз келеді.

Дін – нәзік сала. Шынтуайтында, Алла мен адам арасын саудалап жүргендердің қитұрқы саясатына қарсы тұру үшін қоғамға мықты иммунитет қажет. Ал ол иммунитет – біздің тарихымыз, салт-санамыз, мемлекеттік деңгейдегі шаралар және әділ құқықтық құралдар. Осы мәселе төңірегінде билік діни экстремизм және терроризмге қарсы елдегі билік органдарын тегіс жұмылдырып келеді. Мәселен, 1999 жылы «Терроризмге қарсы іс-қимыл» туралы заң, 2005 жылы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» туралы заң, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Сондықтан ел болып, елдің ішкі саяси тұрақтылығына, салт-дәстүріміз бен әдеп-ғұрпымызға кері әсер етуші деструктивті діни ағымдардың уағыз-насихатына қарсы тұруымыз қажет. Діни экстремизмнің алдын алу бойынша «Діни сауаттылық – қоғамның тұрақты дамуының негізі» айлығы аясында қазіргі жасөспірімдерге діни ағымдар бойынша түсінік беріп, экстремизм-терроризмнің қатыгездік жолдарын көрсету арқылы теріс іс-әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Діни экстремизмге жол жоқ» деген тақырыпта кездесу өткіздік. Жастарымыздың діни сауаттылығының төмендігінен көптеген ағымдарға бойсұнып жатқандығы және әртүрлі жағдаяттарға душар болып жатқаны мәлім екендігі, кейбір кездерде көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпай тіпті өздерін құрбан етуге әзір екендігіне көз жеткізіп жүрміз. Теріс діни ағымды ұстанушылардан аулақ болу түсіндірілді бұл кездесуде.

Н.НАСИРДИНОВ,

Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекел…