Басты бет Кәсіпкерлік Шылаушын өсіру – тың кәсіп

Шылаушын өсіру – тың кәсіп

0
405

Жер-ананың тоңы жібіп, алпыс екі тамырын иіте бастаған шақтан қолына кетпен, күрегін ұстайтын еңбек адамдары топыраққа дән екпес бұрын оны қопсытып, тыңайтқышпен қоректендіріп, дайын­дап алары анық. Осылайша, бапталған топырақ күні ертең мол өнім алудың кепілі болмақ. Ал оған жоғары сапалы органикалық тыңайтқыш – биогумусты пайдалану, тіптен тиімді. Бұл тыңайтқыш туралы естігеніміз болмаса, ауданда қолға алынғанын білмеппіз. Шырын ауылынан Ораз деген жігіт келді редакциямызға. Шылаушын өсірумен айналысып жатқандығын айтқанда шыны керек аң-таң болдық.

Бұл тыңайтқыштың ауыл шаруашылығына тигізер пайдасы орасан зор. Жасыратыны жоқ, топырақтың тозып, эрозияға ұшырауы жаһандық проблемаға айналып бара жатқанын айтып, эколог ғалымдар дабыл қағуда. Жерді күтпесек, топырақтың құнар­лылығын сақтамасақ, сапалы өнім алудан қаламыз. Біздің мақсат – биогумус өндіріп, оны қолданысқа енгізу арқылы табиғи таза әрі қауіпсіз өнім алуға күш салу, – деп әңгімесін бастаған жігіт шылаушынның пайдасы туралы ұзақ-сонар әңгімеге кірісті. Бүгінде әлем елдері орг­ани­калық тыңайтқыштарға ауысты. Соның бірі – калифорниялық қызыл шылаушын арқылы түзі­летін биогумус. Дамыған елдер бұған баяғыда мән берді, біз болсақ оны енді ғана қолға ала бас­тадық, – дейді шылаушын өсіруді кәсіпке айналдырған Ораз Сыдықбайұлы. Шылау­шын­дар төрт түліктің қиы, ағаш­тың жапырағы, шөптің ші­рінділері, жеміс-жидектердің қалдықтарымен қоректенеді. Биогумус тыңайтқышын алу үшін 1 текше метр қиға 25-30 мың шылаушын жібереді. Ал 1 шаршы метр қидан 250-300 литр биогумус пайда болады. Технологиясы аса күрделі болмағанмен, үзіліссіз еңбектенуді қажет етеді екен. Осын­дай еңбектің нәтижесінде малдың қиы биогумусқа айналады. Биогумустың бағасы қол­жетімді әрі сұранысқа ие. Осыны ескерген еліміздегі 3 мың қожалық бірігіп «QazVerm» атты кооператив құрған. Онда кәсіби мамандар Бақытжан Әсембеков, оның орынбасары Қайрат Машиков, Пернебек Тулганбаевтар бұл салаға көңіл бөліп, оның өркендеуіне бас-көз болып отырғандықтарын да әңгіме арасында жеткізді сұхбаттасым. Ораздың айтуынша «Вермифермерлер» курсында 2 айға оқуға болады екен. Жұмыспен қамту орталығы немесе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы ауданымызда осындай мүмкіндіктер пайда болыпты. Бұл оқудың ерекшелігі 30 пайызы теориялық білімге жұмсалса, 70 пайызы тәжірибелік курсы ретінде оқылады. Оқу мерзімі 3 ай, шәкіртақы 21835 теңге төленеді. Медициналық тексерістен өтуге тиісті 6906 теңгені мемлекет бөліп отыр. Ауылдардан келіп оқимыз дегендерге пәтерақы да мемлекет тарапынан қарастырылған. Үш ай оқуды тамамдаған соң арнайы куәлік беріледі, кооперативке мүшелікке алынады. Өзінің жеке кәсібін ашады. Ол адам өзінің жұмысын бастау үшін алдымен оған бір қорап шылаушын сый ретінде беріледі. Егер алда-жалда кәсіпті әрі қарай жүргізбеймін дейтін ниет туатын болса, онда мемлекеттен бөлінген қаражаттың барлығын кері қайтару керек болады. Менің Оразбен аз-кем әңгіме арасында түсінгенім осы дүниелер. Есеев Оразбай Сыдықбайұлының бүгінде аудандағы биогумус өсіру саласының магистры деген атағы да бар екен.

Көпшілік елей бермейтін құрт өсіру кәсібін қолға алған шырындық жігіттің ынта-жігері қуантты. Биологиялық тыңайтқышты пайдаланғандардың өнімдері 2-3 есеге артып жатса, жеріміз құнарланса мұны неге пайдаланбасқа деген ой келді. Құрттар үшін топырақтың ылғалдығы маңызды. Сондықтан, оларға үнемі су құйып отырамын. Бауырымен жорғалаушылар қыста жылы жерде болуы тиіс. Бұлар күтімді ерекше қажет етпейді. Сондықтан, көп уақытымды да кетірмеймін. Басқа да маңызды шаруаларыңыз болса жасай бересіз, құрттар өздігінен көбейе береді,– дейді тірліктің өзгеше түрін қолға алған кәсіпкер. Осыншама құртты өсіріп, көбейтіп, бірақ жеме-жемге келгенде оны сатуға мүмкіндік болмай жатса, обал ғой, – деген сұрағыма кәсіпкер жігіт аса зор сеніммен оның жақсы бағаға өтетіндігін айтты. Яғни кәсіпкер өз ісіне бек сенімді. Олай болса біз де оның ерекше кәсібінің дөңгелеп кетуіне тілектес екенімізді білдіреміз.

Баян МАМЫРБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАМ КӨҢІЛДЕРГЕ КӨЛЕҢКЕ ТҮСІРМЕГЕН

Төрт мүшесі сау болса да кейде пенделер өмірдің ұсақ-түйек кедергілеріне тосқауыл қоя алма…