Басты бет Саясат Күрделі сауалдың күрмеуін шешу үшін…

Күрделі сауалдың күрмеуін шешу үшін…

0
682

Күрделі сауалдардың күрмеуін ағыту үшін кезекті қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Аудандық Қоғамдық кеңес өз жұмысын бастағалы бері аудан көлемінде өзекті мәселелердің орынды көтеріліп, келелі сауалдардың оңтайлы шешілуіне айтарлықтай ықпалын тигізіп келеді. Әр отырысында берілген есептер мен қозғалған мәселелер қызу талқыға түспей қайтарылмайды. Осындай белсенділіктен-ақ қоғамдық кеңес жұмысының мәселеге деген шынайы көзқарасы айқын байқалып тұрады. Өткен аптада өткізілген кеңестің кезекті отырысында да өзекті деген тақырыптар талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес әуелі аудан әкімі кеңес мүшелерінің алдында ауданның жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен дамуы және өзекті мәселелері бойынша толыққанды есебін беріп өтті. Артынша кеңес төрағасы Құралбек Бекмұханбетовтың есебі де тыңдалды. Аудан әкімінің есебінен кейінгі сұрақ-жауап кезеңінде кеңес мүшелері елді толғандырып жүрген, халықтың жан айқайына айналған өзекті мәселелерді өңір басшысының алдына көлденең қойды. Қоғамдық кеңес мүшесі Тиляпжан Рахмаев осы күнге дейін күн тәртібінен түспей келе жатқан аудандағы ауыз су құрылысының сын көтермейтін сапасы мен жауапкершіліктен жұрдай мердігерлер турасында сауалды тағы да көтерді. Бір-бірінің кемшілігін айнытпай қайталап келе жатқан Шарын, Үлкен Ақсу, Қалжат, Үлкен Дихан сынды ауылдардың ауыз су құрылыстарының орны толмас қателіктері бүгін көзге шыққан сүйелдер болып тұрғандығын баса айтты. Қадағалау жұмыстары тиісті дәрежеде жүргізілмесе ендігі Сүмбе мен Ават та осылардың кебін киетіндігін айқындап берді. Кеңес мүшесі Кадиров Гожахмет әріптестерінің көтеріп отырған сауалдарының өте орынды екендігін толықтыра келе ауданда жаңадан салынып жатқан ауыз су құрылыстары, Шонжыдағы дене шынықтыру сауықтыру комплексінің шаңырағы ортасына түскен ғимараты сынды халықтың ақшасына салынып жатқан жаңа құрылыстар сыбайлас жемқорлықтың құрбаны болып бара жатқандығын алға тартты. Күн тәртібіндегі кезекті мәселеге сәйкес Шожы ауылдық округінің құрамдас бөліктеріне атау беру жұмыстарына сәйкес округ әкімінің ұсынған жобалық атаулар тізімі қаралып, кеңес мүшелерімен талқыланды. Көше тұрғындарымен өткізілген жиналыс хаттамаларымен танысып, ұсынысты толықтай бекітті. Сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы мен жалпы көрсеткіштері бойынша да тақырып тарқатылып, кеңес мүшелерінің ортасында кеңінен талқыланды. Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық  технологиялар бөлімінің басшысы А.Рошановтың есептік баяндамасы тыңдалды. Қоғамдық кеңес тарапынан осы мәселеге сәйкес бөлім басшысына емес, аудан әкімі аппаратының басшысына тікелей қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Есеп қанағаттанарлық деп қабылданды. Халық пен биліктің арасындағы ажырамас дәнекерге айналған қоғамдық кеңестің күн тәртібіне қойылған мәселелер бүге-шігесіне дейін қаралып, нақты бір шешімге келетіндігіне көзіміз жетті. Бұл ортада әлі талай маңызды мәселелер көтеріліп, күрделі сауалдар өз шешімін табары сөзсіз.

Ақжол НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…