Басты бет Әлеумет Қалжат қара суға зәру

Қалжат қара суға зәру

0
340

Адам денесінің 80 пайызы судан тұратындығы ғылыми дәлелденген. Бұл арқылы біз адамның сусыз өмір сүруі ұзаққа созылмайтындығын аңғарамыз. Сондықтан аудан кейінгі адам өмірі үшін ең маңызды қажеттілік су екендігі даусыз. Осы орайда өміріміздің нәрі – ауыз судың әлі күнге дейінгі әлегін тағы да қозғамасқа болмай отыр. Еліміз егемендігін алып, етек-жеңін жиып, аяқтан тұра бастаған бастапқы жылдары алыстағы ауылдар мен елдімекендердегі халыққа ауыз су арман болды. Араға жылдар салып, еңсесін түзеген жас мемлекетіміз ең әуелі елдің әлеуметтік тұрмыс-салтын түзеуге күш салып, «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы арқылы алыстағы ағайынға ауыз су жеткізуді қолға алды. Аталмыш бағдарлама бастау алғалы бері бірқатар ауылдарға таза ауыз су құбырлары тартылып, халық игілігін көруде. Бұл игіліктен біздің аудан да құр алақан қалған жоқ. Алайда өкінішке орай сөз бен құжаттың бетінде ғана арманы орындалған біздің өңірдің бірқатар ауылдарында бүгінгі күні дәл осы ауыз судың әлегі күн тәртібінен түспей келеді.

Өткен жылы «AMANAT»партиясының аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы ретінде өзім бастама жасап, халықтың жан-айқайын билікке жеткізіп, бірқатар ауқымды мәселелерді көтерген болатынмын. Оның ішінде Шарын, Үлкен Ақсу, Үлкен Дихан ауылдарының ауыз су құрылысының сын көтермеген сапасы мен желге ұшқан миллиондар туралы мәселені көлденеңінен қойып, тиісті тараптарға өрескел кемшіліктерді дәлелмен жеткізіп, қателіктерді қалпына келтіруді талап еттік. Нәтиже жоқ емес, кінәлі тарап тығырыққа тірелгенде талапты орындамасқа амалы қалмады. Бірқатар кемшіліктер қалпына келтірілді.

Бұл жолғы талабымыз да дәл осы бағытта болды. 2022 жылдың желтоқсан айында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Құралбек Бекмұханбетов,мүшесі Розахун Насыров және партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінен өзім, аудандық бас санитар дәрігері Музапар Тохметов, сонымен қатар аудандық тұрғын үй комуналды шаруашылығы саласынан және су құбыры мекемесінен арнайы мамандар қосылып уақытша зерделеу комиссиясы құрылды. Дәл осы жан-жақты қарулы құраммен Қалжатқа арнайы барып,ауыз су құбыры құрылысының сапасы мен жұмыс барысын зерделеуге кірістік. Бір күн бойы зерделенген жұмыстың барысындаадамды ашындыратын да, ашуландыратын да, өкіндіретін де, өксітетін тұстары бірінен соң бірі шыға берді. 2021 жылы басталған жұмысты жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес толықтай аяқтап, халыққа қолданысқа беру үшін «Дәнекер» ЖШС өз жауапкершілігіне алған екен. Бүгінгі күнге дейін екі жыл ішіндеқұрылыстың 40 пайызға жуығы ғана жасалып, 2022 жылы ала жаздай ауылдың көшелеріқопарылған күйде жұмыстың бас аяғы жоқ жатқан. Тастанды күйде қалған құрылыстың басынан аяқ комиссия құрамымен қарап шықтық.Жұмыстыңәліппесісу көзін алатын әуелгі нүктенің құрылысы жасалмақ түгілі басталмаған.Ауылдың басындағы ауыз су жиналатын әрқайсысы 250 метр куб болатын екі резервуардың құрылысы мүлдем қозғалмаған. Ауыл көшелерінесу құбырын тарту үшін қазу жұмыстары жүргізіліп, оларға құбырлар қалай болса солай тасталып, жау шапқандай етіп көміп тастаған. Қазылған жердің тереңдігі жобалық құжаттағы тереңдікпен мүлде сәйкескелмейді. Құжатта 2 метрге жуық тереңдік көрсетілсе, іс жүзінде оныңжартысына да жетпейтін тереңдікке құбырлар тастаған. Құбырлар қысыммен тексерілмеген күйі көмілген. Қалай көмілген дейсізғой? Ауыз су құбырлары құрылыс талабына сәйкес қазылған жерге тасталып, астына арнайы жастықша жіберіліп, құрылғымен түзулігі тексеріліп, одан кейін құбырды ауыр тас,кесек топырақ сындырыпнемесе мыжып тастамас үшін жұмсақ топырақ немесе құммен әуелгі жабындыны тастайды.Оныңөзі техникамен емес қолмен жасалу қажет. Одан кейін барып толықтай көмілуі шарт.Ал мұнда бұл талаптың бірде бірі сақталмаған. Ауыз су құбырларын көмген жерге мемлекеттің миллиондарын қоса көміп тастағандай өкінішті күй кешесіз.Міне, екі жыл бойы атқарылған жұмыс осы ғана. Жалпы нысан өткен жылы қолданысқа беріліп, қоян жылы Қалжатқаладағыдай ауыз суды үйінен тұтынып отыруы керек еді. Амал қанша?Тағы да сыбайлас жемқорлықтың құрбаны қараша халық болып отыр. Жергілікті атқарушы органнан бұл жағдайдың мән-жайын сұрасақ, халықтың емес мердігердің құқын қорғаштап сөйлегендей сыңай танытады. Сыбайластықтың иісі сол кезде-ақ аңқып тұрды. Түптеп келгенде комиссия құрамымен толықтай зерделеу жүргізіп, қолмен ұстап, көзбен көріп, халықтың ашынған үнін құлақпен естіп, бұл нысан да біздің аудандағы сыбайлас жемқорлықтың символына айналған  сапасыз құрылыс ескерткіштерінің қатарына қосылғандығын айқындап қайттық.

Бір емес бірнеше рет қайталанып отырған аудандағы ауыз су құрылысының сапасыз жұмысы, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен мемлекеттің қаражаты, анықталып жатқан кемшіліктер, қашанғы бұл сұмдық жалғаса береді? Жылағанның көзі, айтқанның аузы жаман болып, қазанның қақпағы жабулы күйде қала бере ма? Көкейде сансыз жауабы жоқ сұрақтар ғана…

ТИЛЯПЖАН РАХМАЕВ,

аудандық қоғамдық кеңес мүшесі,

«AMANAT»  партиясы аудандық филиалының

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі

 қоғамдық кеңес төрағасы

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайырымдылық пен жақсылық жасау тек ақша берумен шектелмейді

  #jibekjoly #100sarbaz …