Басты бет Жолдау Шаруалар шалқып өмір сүруі үшін

Шаруалар шалқып өмір сүруі үшін

0
217

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы ерекше күйде жұртшылыққа жетті. Ерекше дейтініміз бұл Жолдауда халықтың көкейінде көптен бері күпті боп жүрген мәселелер сөз болды. Ардақтыларымыздың аттары ардақталды, ұлыларымыздың есімдері қайта жаңғырды. Халықтың тұрмысын жақсартуға арналған көптеген бағдарламалар ұсынылды. Ауыл шаруашылығын дамыту негізгі проблемалардың бірі екендігі де айтылды. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс, – деді мемлекет басшысы. Біз сияқты ауыл тұрғындары үшін бұл өте жағымды жаңалық.

Шарын ауылдық округінде осы мәселелерді түсіндіріп, насихаттау мақсатында жеке шаруа қожалықтарының басын қосқан келелі жиын өтті. Онда «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» атты Жолдаудағы үшінші бағыт бойынша берілген тапсырмалар талқыға түсті. Алғашқы сөзді алған ауыл әкімі Болат Алғазиев жалпы биылғы Жолдаудағы айтылған мәселелердің барлығына тоқталды. Сонан соң «Досбол» шаруа қожалығының төрағасы Әбіш Молдамұратов, «Мәрипжан» шаруа қожалығының төрағасы Үсен Тохтыбакиевтер Жолдаудағы шаруаларға қатысты айтылған проблемалардың, тапсырмалардың барлығын өздері де сезініп жүргендіктерін жасырмады. Жаңа Қазақстан құрамыз деген сөзді құры ұрандатпай нақты істермен дәлелдейміз деген сенімдерін де білдірісті. Егін мен малдан басқа да қымбат дақылдарды көбейтіп, заман сұранысына сай жаңа жоспар құрсақ деген ұсыныстарын да ортаға салды. Шаруалар шалқып өмір сүруі үшін тек өнім алып қана қоймай оның тұрғындар сұранысына, талабына қарай жаңаруы қолға алынса деген пікірлер де айтылды. Шаруа қожалықтарының өкілдері өз ойларын ірікпей, Жолдаудан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыратындығына сендірді.

Аманбике ЖАНЫСБАЙҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ТӨТЕУ КЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында экономикаға басымдық берді. Салық с…