Бүгінгі күн — ертеңгі тарих. Ертеңіміздің еңселі болуы бүгінгі азаматтарымыздың болашақ үшін жасаған қадамдарына байланысты. Бүгін — Президент сайлауы. Бұл — мемлекетіміз үшін маңызды шара. Өйткені болашағымызды бұлыңғыр етпей, Жаңа Қазақстанның терезесін дамыған мемлекеттермен тең етеді деген басшыны сайлау оңай емес. Әр азамат Қазақстанның ертеңіне алаңдауы тиіс. Сондықтан да жасы жеткен әр азамат өз таңдауын жасауы керек.
Президент сайлауы күнінде 897 сайлау учаскесінде болдық. 840 сайлаушысы бар учаскенің 27 сайлаушысы үйден дауыс береді. Алғашқы бір сағат ішінде 840 сайлаушының 57-сі келіп, өз таңдауын жасады. Ауыл ақсақалдары мен жастары жұмыла жұдырық болып, барынша сайлауға қатысуды өз міндеттері деп тапқандықтары анық байқалады.