Басты бет Денсаулық Қыркүйек айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 2,5 млрд теңгені құрады

Қыркүйек айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 2,5 млрд теңгені құрады

0
670

2022 жылдың қыркүйек айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 2,5 млрд теңгені құрады.

Республика бойынша қыркүйек айында түскен жарналар сомасы (2022 жылғы 01-30 қыркүйек аралығында) 54,0 млрд теңгені құрады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, қаңтар айында Алматы облысы бойынша 1,37 млрд теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 1,16 млрд теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады.

МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр

Алматы облысында АИТВ инфекциясын емдеу бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл ту…