Басты бет Басты ақпарат Ел ертеңі білімді ұрпақтың қолында болуы керек

Ел ертеңі білімді ұрпақтың қолында болуы керек

0
1,744

Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам. Бұл реткі Президент Жолдауының тақырыбының өзі алыс болашаққа көз салып тұрғандай. Қыркүйекте халыққа жол тартқан мемлекет басшысының басты ұсыныстары мен елдің келешегіне жасаған нақты жоспарлары саяси соқпақта да, экономикалық бағытта да, әлеуметтік салада да бірқатар тың өзгерістердің болатындығын айқын меңзеді. Жолдаудың «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» деп аталған үшінші бағдарында  еліміздің басты құндылығы – адам екендігі айқындалған. «Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты         мақсаты», – деп нақтылаған ел Президенті бұл бағыт бойынша білім саласына аса көңіл бөлінетіндігін, балалардың жаңа мектептерде білім алуы керектігін кеңінен қозғады. Осыған орай 2025 жылға дейін 800 мың баланың жаңа мектепте білім алатындығы айқындалды. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешілетіндігін айтты. Бұл мәселе еліміздің барлық өңірлерінде өршіп тұрғандығы белгілі. Балалардың білім алуы үшін жағдайдың жақсы жасалмағандығы, мектептерде орындардың жетіспеушілігі біздің өңірде де өзекті мәселе екендігі белгілі. Осы орайда ел сұрап жүрген күрделі сауалдардың оңтайлы шешілетіндігі баршамызды шын қуантты. Білім саласы үшін тағы бір жақсы жаңалық балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысын өсіріп, оларды қайта даярлаудан өткізіп, білікті тәрбиешілер легін оқытуды жолға қоятындығы да ақжолтай жаңалық болды. Бүлдіршін үшін ең бірінші білімнің бастауы балабақша болғандықтан, білімнің іргетасы қаланатын орталарда нағыз мамандардың жұмыс істеуі және олардың сол еңбегіне қарай еселеніп ақы төленетіндігі де өте дұрыс шешім болды деп есептеймін.  Елдің болашағын сеніп тапсыратын саналы әрі білімді, заманауи ұрпақтардың өсіп жетілуі үшін бар мүмкіндіктерді қарастырып, жол ашып беріп жатқан Президентіміздің білім саласына деген алаңдаушылығы мен қамқорлығы ешкімді бей-жай қалдырмады деп ойлаймын. Сондықтан біз бұл бастамаларды қолдап, оның сапалы жүзеге асуына өз үлесімізді қосуымыз керек.

Ел Президенті бұл реткі Жолдауын Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға түспек.  Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз», – деген тұжырымды сөздерімен қорытындылады. Енді ел ішінде осы Жолдау кеңінен насихатталып, нақты жүзеге асуын сіз бен біз асыға күтеміз! Еліміздің Президенті айқындағандай әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!

Жадыра ЖАҚСЫЛЫҚОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ТӨТЕУ КЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында экономикаға басымдық берді. Салық с…