Басты бет Жолдау Ел болашағы — білімді ұрпақ

Ел болашағы — білімді ұрпақ

0
379

Ел Президенті бүгінгі қоңыр күздің алғашқы күнінде келетін білім күнімен қатар өзінің халыққа Жолдауын жариялап, еліміздің саяси тынысын одан әрі кеңейтетін, экономикамыз бен әлеуметтік жағдайымызды одан әрі жақсартатын мүмкіндіктердің тетігін басты деп айтуымызға болады. Бүгінгі жаңа Жолдауды тыңдай отырып, әлеуметтік саланың бірқатар тұстарына қолдаулар мен жаңашылдықтардың енетіндігін аңғардық. Жастарды жұмыспен қамту, кәсібін ашып, тіршілігін домалатуға жан-жақты қолдау көрсету және балалардың болашағына бүгіннен бастап жасалатын материалдық қолдау елдің болашағы үшін жасалып жатқан үлкен жұмыс деп есептеймін. Сонымен қатар өзім еңбек жолымды білім саласына арнаған маман ретінде бүгінгі Жолдауда білім саласына қатысты айтылған нақты тапсырмалар мен жаңалықтарды толықтай қолдаймын. Балабақша қабырғасында еңбек етіп, мектеп баспалдағына тарыдай ғана бүлдіршіндерді дайындап жіберетін тәрбиеші әріптестеріміздің еңбегі еленетін кезең туғандығы шын қуантты. Олардың жалақыларын көтеріп, аттестациялаудан өткізіп, нағыз майталман маман етіп даярлауға байланысты берілген тапсырма білім саласының даму қарқынын одан әрі ұлғайта түсетініне кәміл сенемін.
Жыл басынан бері басымыздан өткерген небір қиын-қыстау кезеңдерден, сын сағаттардан елімізді есен алып шыққан Президентіміздің осындай батыл бастамалары мен ұтымды ұсыныстарын біз ел болып қолдауға қашанда дайынбыз. Осы Жолдау елімізді жарқын келешекке жетелеп, әділетті Қазақстанды құруға бағытталғандықтан баршамыз жан-жақты әділетті әрі ашық түрде шынайы үлесімізді қосып, Президентіміздің жанынан табыла білуіміз қажет деп есептеймін! Алдағы ауқымды саяси реформалар сәтті жүзеге асып, елдің болашағы жарқын болғай!

Бибігүл АБДИЛОВА,
Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп директоры,
аудандық мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ТӨТЕУ КЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында экономикаға басымдық берді. Салық с…