Аудан прокуратурасымен аудан аумағында 2015-2020 жылдары ӨҮК-нің шешімімен берілген жер телімдері бойынша қазіргі уақытта нақты игерілгеніне (немесе игерілмегеніне) тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жалпы 21 889,7 га жер телімінің пайдаланылмай жатқаны анықталды.
Жер телімдерін нысаналы мақсатына сай пайдаланбау дерегі төмендегідей. «KazAgriPlants» ЖШС-на грек жаңғағы сорттарының плантациясы үшін берілген 2000 га жер телімі, «Eco Hothouse» ЖШС-на қияр өсіруге жылыжай кешенінің құрылысы үшін берілген 12 га жер телімі, «АК «Бірлік» АҚ-на жылыжай кешенінің құрылысы үшін берілген 3 га жер телімі, «Р У Х» ШҚ-на асыл тұқымды малды өсіру және бордақылау кешенінің құрылысына берілген 20 га жер телімі, «Сәтті сапар сервис» ЖШС-на мал өсіруге арналған бордақылау кешенінің құрылысы үшін берілген 26 га жер телімі, «Исмаилов М.М.» ШҚ-на амарант өсіру үшін берілген 75 га жер телімі, «Ecopark Tour» ШҚ-на сүйекті бақ және тұқымды балық өсіруге берілген жалпы көлемі 34,35 га жер телімі, «Essentay&V» ЖШС-на электр энергиясын өндірумен қатар тұрмыстық және коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу кешенінің құрылысы үшін берілген 16 га жер телімі, «Farm agro» ЖШС-не тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген 7700 га жер телімі, «SORGO Premium» ЖШС-на қант күкіртін өсіруге және оны өңдеу үшін берілген 7000 га жер телімі, «Apple World» ЖШС-не тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген 2991,2 га жер телімдері нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған.
Бұл ретте аймақтық үйлестіру кеңесі хаттамасының қосымшасының талаптарына сәйкес инвестициялық жоба жүзеге аспаған немесе жобадан ауытқуы орын алған жағдайда ЖАО-мен аймақтық үйлестіру кеңесіне жобаны инвестициялық жобалар тізімінен алу (инвестициялық жоба мәртебесінен айыру) туралы өтініш жолдау қажет.
Алайда, ЖАО-мен жоғарыда көрсетілген жобалар бойынша тиісті шаралар жүргізілмеген.
Осыған орай, аудан прокуратурасымен 13.05.2022 жылы заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну аудан әкімдігіне енгізіліп, қаралу нәтижесі бойынша бүгінгі таңда кадастрлық құны 34 725 600 млн теңге құрайтын 6201 га жер телімі мемлекет есебіне қайтарылды, аталған бағытта жұмыстар өз жалғасын табуда.
Ұйғыр ауданының прокуратурасы