Басты бет Қазақ елі Шекарашы сарбаздар, шаршамаңдар, талмаңдар!

Шекарашы сарбаздар, шаршамаңдар, талмаңдар!

0
952

18 тамыз – ел шебінде көз ілмей, ұлан ғайыр атырыпты қорғауда қалтқысыз еңбек етіп жатқан шекарашылар мерекесі. Осыдан 30 жыл бұрын дәл осы күні «Шекара әскерлерін құру туралы» Президент Жарлығына қол қойылды.

Шекарашылар мемекеттік шекараны асқан қырағылықпен қорғайды. Кез клеген күмәнді оқиға шекарашының назарынан тыс қалмауы тиіс. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы «Ерлік – тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады» деген. Тәуелсіз Қазақ елі ғасырлар бойы ата-баба аңсаған арманға қол жеткізді. Ұлан-байтақ жердің мемлекеттік шекарасы бекемделді. Ұлттық қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, аумақтық тұтастығының беріктігі дәлелденді. Сондықтан алдыңғы шептегі сақшылардың сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.

Шекараның қауіпсіздігі – мемлекетіміздің қауіпсіздігі, еліміздің қауіпсіздігі, азаматтарымыздың қауіпсіздігі. Елдің шетінде, желдің өтінде жүрген сарбаздардың қырағы болып, жауапты қызмет атқаруы бүкіл елдегі тыныштықтың кепілі болып отыр.

Аудандық мәдениет үйінде шекарашылар күніне орай «Шекарашы сарбаздар, шаршамаңдар, талмаңдар!» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиынға аудан аумағындағы Райымбек ауданы ойынша шекара басқарамасының қызметкерлері қатысты. Бұл күні ізгі ниет те, ақжрма тілек те осы қиындығы мол мамандықты арқалап жүрген қайсар жандардың құрметіне арналды.

Алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Бағбаев алып, атадан балаға мирас болған кең-байтақ даламызды қорғап, көз алартқан сыртқы жаудан ұрпағына аманат еткен қасиетті топырақты көзінің қарашығындай қорғап келе жатқан шекарашыларды мерекелерімен құттықтап, табанды да қиын жұмыстарына табыс тіледі. Елдің, жердің тыныштығын қорғап әрбір ұланның ел мақтанышы екенін де сөз етті. Мұнан соң Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының бірқатар қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Құттықтау сөз сөйлеген Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы, полковник Әмірбек Әділбекұлы Әкімбеков те шекарашылардың ерен еңбегінің елеусіз қалмайтынын айтты. Ел мен жерді қорғап, күндіз-түні көз ілмейтін шекара қызметінің қиындықтарын кез келген жанның біле бермесі анық. Әрбір шекарашы өз елінің патриоты, Отаны үшін отқа түсуден тайсалмайтын батыл, жігері жасымайтын жан болуы тиіс. Сонымен қатар жауапкершілік пен адалдық та басты қағида. Осындай қасиеттерге ие талапшыл шекарашыларымыздың санының артуы ел ертеңінің кемел болуының кепілі болса керек.

Жиын соңы «Жазерке», «Арзу» ансамбльдерінің мүшелері мен Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының оркестрі мүшелерінің ұсынған концертіне жалғасты. Рухты жыр мен намысты жаныған әуезді ән тыңдаған шекарашылар дән риза болысты.

Айдар ҚИСАБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ – ЕРГЕ МІНДЕТ

Ел арасында қазір баласын әскерге жіберуге қорқатындар саны артқан. Бойларын үрей билеген.…