Басты бет Заң және қоғам Сот мемлекеттік биліктің бір тармағы

Сот мемлекеттік биліктің бір тармағы

0
287

Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабының 3-бөлігіне сай республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

Құқықтық мемлекет белгілерінің бірі – сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылды.

Сот билігінің заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін шығармайды, атқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отырған нақты істер мен дауларды шешеді. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясы мен заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республикасының Конституциясында және заңдарда көзделген құқықтарға, бостандықтары мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сот жүйесі де көптеген өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кездегі сот жүйесі ашық, жариялы жүйе ретінде қалыптасты.

Халық билігінің бірден-бір кепілі оны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін орган- сот билігі болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған 11 мақсатты қадамды қамтитын «100 нақты қадам» ұлт жоспары қабылданып, қазақстандық мемлекеттілікті нығайту және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін 5 институттық реформаны ұсынған болатын. Осыған орай сот төрелігін үш сатылы жүйесіне (бірінші саты, апелляциялық саты, кассациялық саты) көшуі өте орынды.

Сотқа шағым беріп өз құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғайтын азаматтардың  саны жыл сайын артып келеді. Бұл жыл сайын республиканың соттары қарайтын азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер көлемінен байқалады. Мысалы, 2021 жылдың алғашқы алты айында республикамыздағы соттар 221 мыңға жуық азаматтық іс жүргізу бойынша талаптарды қарап шешім қабылдаған. Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап елімізде жеке тұлғалардың мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғалардың әрекетіне дау айту істерін қарайтын мамандандырылған әкімшілік соттар өз жұмысын бастады.

Аталған мән-жайлар халықтың құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің өсу көрсеткіштері.

Қорыта айтқанда, «әділ іс ағын судың арнасындай, Әділ сөз болат семсер алмасындай» сот билігінің халық пен қоғам үшін құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызы өте зор деп санаймын.

Данияр САРЫБАЕВ,

Ұйғыр аудандық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекел…